ШҚО-ға коронавирусқа қарсы вакцинаның 62 мың дозасы жеткізілді

Шығыс Қазақстан облысына коронавирусқа қарсы вакцинаның 62 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша эпидемиологиялық жағдай нашарлап кетті. Күн сайын коронавирус жұқтырғандар саны көбейіп келеді.

Осыған орай аймақ басшысы Даниал Ахметов ауруханалардағы реанимациялық төсек-орын санын 500-ге жеткізу мақсатында медициналық құрал-жабдықтарды жеткізушілермен келіссөз жүргізді.

«Қазіргі уақытта басты міндет – тұрғындарды ревакцинациялауды жалғастыру, балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге екпе салу. Себебі тәжірибе көрсеткендей, тек вакцина ғана вирустың таралуына тосқауыл қоя алады. Бүгінде облысқа қосымша 62 мың доза жеткізілді. Ревакцинация процедурасы үшін тағы 120 000 доза бар», — деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, Шығыс Қазақстанда барлық екпе пунктері жұмыс істеп тұр.

Денсаулық сақтау басқармасына медицина қызметкерлерін тез арада ревакцинациядан өткізу туралы тапсырма берілді.

Related Articles