Облыстық волейбол туринирінде Семей ардагерлері екінші орынды иеленді
Шығыс Қазақстанда Глубокое ауданында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай ардагерлер арасында волейболдан туринир өтті, деп хабарлайды OkSemey.kz.
Глубокое кентінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай 50 жастан асқандар арасында волейболдан дәстүрлі облыстық ашық турнир өтті. Жарысқа облыстың түкпір-түкпіренен бірнеше команда қатысты. Бірнеше сағатқа созылған ойын барысында ардагерлер өздерінің тартымды ойындарымен көрермендердің көңілдерінен шыға білді.
Жарыста көрермендер көп болды, әсіре жас буын.
Жарыс қорытындысы бойынша үшінші орынды — Күршім ауданының командасы жеңіп алса, екінші орынды — Семей қаласының командасы қанжығасына байлады, ал командалық бәсекелестікте Глубокое ауданының командасы топ жарып, бас жүлдені иеленді.
Семей командасының бас бапкері — Айжаксин Олжас.
OkSemey.kz