ШҚО-да 83 мыңға жуық жасөспірім вакцинаның екінші компонентін алды

Вакцинаның бірінші компонентін 93 мыңнан астам жасөспірім алды, деп хабарлайды OkSemey.kz.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, облыста 93 мыңнан астам жасөспірім вакцинаның бірінші дозасын алды. Pfizer вакцинасы 12-17 жас аралығындағы балаларды қамтуға бағытталған. Қазіргі уақытта шамамен 100 пайыз осы санаттағы адам егілген.

Дәлірек айтсақ, жоспар бойынша қамтылуға тиіс 94 мың жасөспірімнен бірінші компонентпен 93 152 адам егілді, оның ішінде 83 мыңға жуығы екінші компонентті алып, вакцинация курсын аяқтаған.

Айта кетейік, балалаларды вакциналау ата-аналарының рұқсаты арқылы жүзеге асуда.

OkSemey.kz

Related Articles