Семейде волейбол турнирі өтті
Семейдегі балалар мен жастар шығармашылық сарайының спорт залында ардагерлер арасында волейболдан қалалық турнир өтті, деп хабарлайды OkSemey.kz.
Волейбол біріншілігіне алты команда қатысты.
- Жарысқа 30, 40 және 50 жастан асқан волейболшылар қатысты. Ойын тартысты өтті. Жүлделі бірінші орынды №32 орта мектебінің командасы иеленді. Екінші орын – «Баймағамбет» ЖШС командасына лайықталса, ал 3 орын — «СМЗ»АҚ командасына бұйырды. Жалпы, волейбол-семейліктердің сүйікті спорт түрлерінің бірі. Оны жастар да, аға буын өкілдері де ойнайды. Мысалы, өткен жарыстардың үлкен қатысушысы 64 жаста болды. Жастар арасында да волейболға қызығушылық артып келеді. Сондай-ақ, бірнеше жыл бойы ойын алаңына шықпай, кейін тұрақты жаттығулардың арқасында өте жақсы көрсеткіш көрсетіп жүрген жандар да аз емес,-дейді жарыстың бас төрешісі Олжас Айжақсин.
Айта кетейік, жаз айларында Семейде ШҚО қалалары мен аудандарының командаларын шақыра отырып, ардагерлер арасында волейболдан облыстық турнир өткізу жоспарлануда.
OkSemey.kz