Семейдің футзал командасы 16 жыл ішінде алғаш рет ел чемпионатына қатысатын болды
Спортшылар қаржылық қолдауға мұқтаж, деп хабарлайды OkSemey.kz.
7 наурызда 2021-2022 жж. футзал маусымының VІІ жаттығу топтарының командалық чемпионаты басталады. Қазақстан біріншілігіне 16 жылда алғаш рет Семей командасы қатысады. Қала намысын «Vostok Semey» балалар мен жасөспірімдердің командасы қорғайтын болады. Айтып өтейік, бұл мекеме чемпионатқа қатысатын жалғыз тегін жекеменшік мектеп.
Чемпионат үш турдан өтеді: бірінші тур 7-10 наурызда Ақтөбеде; екінші тур 1-5 сәуірдеРудныйда; үшінші тур және финалдық ойындар 6-9 мамырда Қарағандыда өтеді.
Бұл ретте спортшылар чемпионатқа қатысу үшін қомақты соманы жұмсауы керек.
«Үш тур 4 217 344 теңгеге шығады. Бірінші турдың шығындарын біз балалардың ата-аналарымен бөліп алдық: оның ішінде менімен 1 385 424 теңге төленді, 14 ата-ана 30 000 теңгеден, яғни 420 000 теңге төледі. Екінші және үшінші турларды ата-аналардың бірқатары көтере алмайды. Ақтөбеге бару үшін мен қарызға ақша алдым. Екінші және үшінші турларға бару үшін солай жасайтын сияқтымын. Қарызға алатын жер болса ғой! Сонымен қатар, көктемде Шығыс кентіндегі футбол алаңын қайта құрудан өткізу керек. Бұл тағы 7 000 000 теңге», — деп жазды әлеуметтік желіде кәсіпкер Арман Машимов.
Алайда команда қаржылай көмек сұрап отырған жоқ. Өйткені мұндай ұсыныстар көбінде нәтижесіз болуда. Тиісті басылымдағы жүздеген ұнатулар бұл жағдайда да көмектеспейді. Командаға белгілі бір шәйдің брендін сатып алу арқылы қолдау көрсетуге болады.
«Егер Сіз шынында командаға қолдау көрсеткіңіз келсе, семейлік балалардың футзалы және футболының болашағына жанашырлық танытсаңыз, «QAZAQ ELI», «Шаңырақ» және «Чайничек» шәйларын сатып алыңыздар. Сіз бәрібір шәй сатып аласыз, сондықтан ең болмағанда қалаға максималды пайда әкелетінін сатып алыңыз. Футболдан бөлек, бұл тағыда жергілікті бюджетке салық. Кәсіпқой және әрекет етуші футболшылар балалар футболындағы қиыншылықтарды, сондай-ақ тұрақты негізде демеушілерді тарту өте қиын екенін жақсы біледі. Сондықтан, біз бірінші кезекте сіздің максималды ақпараттық қолдауыңызға сенеміз», — деп Арман Машимов әлеуметтік желіде қалалықтарға жүгінді.
OkSemey.kz