Волейбол: Нұр-Сұлтанда ардагерлердің біріншілігі өтті

Нұр-Сұлтан қаласында 60 жастан асқан ардагерлер арасында волейбол біріншілігі өтті, деп хабарлайды OkSemey.kz.

Ағымдағы жылдың 12-13 наурызы аралығында 60 жастан асқан ардагерлер арасында волейбол біріншілігі өтті. Екі күнге созылған тартысты бәсекеде 10 команда күш сынасты.

Жарыс нәтижесі бойынша үшінші орынды — Астана және Ақтөбе командалары иеленсе, екінші орынды — Шығыс Қазақстанның «Шығыс» командасы жеңіп алды. Ал бас жүлде Алматы командасының еншісіне бұйырды.

«Шығыс» командасының бапкерлері — Смағұлов Әбілхайыр Манашұлы және Айжақсин Олжас Мұхамадиярұлы.

Команда жетекшісі — Нұрлан Срайылұлы Омаров.

OkSemey.kz

Related Articles