Шығыс Қазақстанда МӘМС аясында варикоцелді емдеудің жаңа әдістері енгізілуде

Шығыс Қазақстан облысының дәрігерлері варикоцелді емдеудің инновациялық процедураларын енгізуде, деп хабарлайды OkSemey.kz.

Жуықта Өскемен қаласындағы мамандандырылған медициналық орталықта варикоцелді емдеудің 2 инновациялық процедурасы пациенттерге жасалды. Оған Ақтаудың жетекші прокторы, интервенциялық хирург Қастер Байжанұлы қатысып, өз тәжірибесін ортаға салды.

Емдеудің жаңа әдісінің тиімділігі зор. Процедураның жаңалығы — спиральдардың жаңа түрін қолдануында. Бұл спираль қанмен жанасқанда пропорционалды түрде кеңею қасиетіне ие: 5 минуттан кейін 80% дейін, 20 минут ішінде 100% дейін.

«Ер адамдардағы варикоцеле сырқатын емдеуде біліктілігі мол Ақтау қаласының елімізге танымал интервентті хиріргі Қастер Байжанұлынан шеберлік сабағын алдық. Мұндай процедураларды жиі орындаған проктор қазірдің өзінде Қазақстанның барлық мамандарымен тәжірибесімен бөлісуде. Операциялар сәтті өтіп, екі науқастың жағдайы жақсы», — деп бөлісті орталықтағы «Инновациялық медицина» бөлімі меңгерушісі Жандос Уап.

Айта кетейік, жоғары технологиялық көмектің бұл түрі МӘМС аясында қолжетімді. Ал ер-азаматтар арасында әр 16-шы адамда кездесуі мүмкін варикоцеле ауруының дер кезінде емдеп, құрықтамаса денсаулыққа тигізетін кері салдары өте көп. Ең алдымен ол ер азаматты белсіздікке душар етуі мүмкін, одан бөлек эстетикалық тұрғыда үлкен проблемаларға әкеледі. Қазіргі замануи технологияның арқасында азинвазивті отаның осы бағытта аймақ тұрғындарына көрсететін медициналық көмек түрінің көкжиегін кеңейте түскені сөзсіз.

OkSemey.kz

Related Articles