Семейдегі орыс драматикалық театрында жаңа қойылымдар көрсетілуде

Ф.М.Достоевский атындағы орыс мемлекеттік драматикалық театрында наурыз айы бойы Наурыз тойланады - жас көрермендерді және олардың ата-аналарын мұнда «Ертегі Шығыс» керемет интермедиясы күтіп тұр, деп хабарлайды OkSemey.kz.

Қойылымды театрдың жетекші актрисасы Анастасия Малицкая қойды. Ол наурызға арналған интермедияға бірнеше жыл режиссерлік жасағандықтан осыноу көне түркі мерекесінің нағыз білушісіне айналғанын жасырмайды. Анастасия үнемі әріптестерімен бірге эксклюзивті, қайталанбас қойылымдар көрсетеді.

  • Біз интернеттегі идеяларды мүлдем қабылдамаймыз! Тіпті бір жыл бұрынғысын да алмаймыз! – деді Анастасия Малицкая. – Наурызға дайындық кезінде мен өзіме аса талапшылмын, бұл жаңару мерекесі, сондықтан мен үнемі көрермендер үшін күтпеген жаңашылдықтарға талпынамын. Бұл өте әдемі және көпқырлы мереке. Сондай-ақ эстетикалық тұрғыдан ол шынымен де таң қалдыратын көрініс болғанын, сонымен қатар оның мазмұны үйрететіндей сипатта болу керектігін ескеру керек. Сондай-ақ, салт-дәстүрлерді, наурыз көже ингридиенттерінің мағынасын туралы еске салады және қалың жұртшылыққа Қыдыр ата бата береді. Қыдыр атаның рөлін Александр Сухов сомдайды.

Биылғы жылғы қойылымның ерекшелігі залмен тақырыптық ойындар өткізуі.

  • Мен біраз қобалжыдым, себебі жарты мыңға жуық көрерменді өзіңе қарата білу, оларды тарта білу күрделі міндет. Бірақ бәрі қолымыздан келді! – деп бөлісті режиссер.

Наурыз мерекесіне арналған шағын көріністің басты кейіпкері шам ішіндегі Джинн болды. Мың әігіменің білгірі, жас көрермендер мен ежелгі мерекенің терең тарихы арасындағы байланыстырушысы болды.

Осы керемет саяхаттан кейін жас көрермендерге театрдың үздік ертегілері қойылады, әр күндері әр түрлі қойылымдар көрсетіледі:  «Бразилияның қазыналары» («Сокровища Бразилии»), «Огниво» немесе «Алтын қауырсын» («Золотое пёрышко»).

OkSemey.kz

Related Articles