Бабалар аманатын жалғастыру
Семейде қазақ халқының ұлттық бұйымдарын жасайтын қолөнер шебері тұрады, деп хабарлайды OkSemey.kz.
Сәкен Назарханға кез-келген материал бағынышты көрінеді. Қолдан жасалған шедеврлерді безендіруге арналған — серпімді болат, жұмсақбылғары, қатты ағаш, жылтыр мельхиор және жұмбақ күміс, осылардан қазақтың халықтық аспаптарын, дәстүрлі қару-жарақтары мен сауыттарын, ат әбзелдерін, тіпті зергерлік бұйымдар жасайды.
Сәкен Назархан 1964 жылы Абай ауданының Саржал ауылында дүниеге келген. Оның арғы атасы – Қасым, сол өңірге әйгілі қолөнер шебері болған, ол көрнекті ерші болған, қару-жарақ, тамаша ер-тұрмандар мен ат әбзелдерін жасаған. Арғы атасының өнерін шөбересі өкінішке орай қабылдап үлгермеді.
Алайда, арғы атасының таланты Сәкен Назарханға генмен берілген көрінеді. Саржал ауылындағы орта мектепте білім алу жылдарының өзінде бейнелеу өнерінен тамаша дарындылық танытты. Жас баланың осындай дарындылығын байқаған ұстаздары оқушының дамуына мүмкіндіктер берді. Орта мектепті аяқтағаннан кейін әскер қатарына шақыртылып, ол жерде қатардағы Сәкен Назархан суретші және безендіруші болды.
Мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімі аяқталғаннан кейін, өз өмірін шығармашылықпен байланыстыруға шешім қабылдап Семей қалалық дизайнерлік училищесіне «суретші-дизайнер» мамандығы бойынша оқуға қабылданды. Дәл осы жерде жас суретші алғаш рет ата-баба аманатымен түйіседі.
Бір ғажабы, жас жігітті қазақ халықының өнеріне, қазақ халқының декоративті-қолданбалы өнерін жанындай сүйген орыс және украин суретшілері оқытты.
Сәкен Назархан тәлімгерлердің жетекшілігімен ағаш, металл және былғарыны өңдеудің қыр-сырын түсіне бастады. Қазақ халқында дәстүр бойынша қару-жарақты, ер-тармандарды және жауынгерлік сауыттарды күміспен аптағандықтан зергерлік бұйымдарды жасау, күмістің пайдаланудың сырын игерді.
Дизайнер мамандығын алып, жас суретші өзін сол кезеңдегі экономика бағыттарының бірінен таба білді. «Союз мир» кооперативтік өнер шеберханасына кірді, осымен қатарласа Семей педагогикалық институтында (қазіргі Шәкәрім университеті) жоғарғы білім алды.
1990 жылы Сәкен Назархан қазақтың ұлттық-қолданбалы өнері бұйымдарын – киіз ішіндегі түрлі атрибуттарды, ұлттық стильдегі ыдыс-аяқтарды жасаумен айналысты. Осыдан кейін музыкалық аспаптар мен қару-жарақтар жасады.
— Қазір көбінде ағаш және металл өңдеумен айналысамын. Қазақтың ұлттық аспаптары – домбыра немесе қобыз жасағанды қатты ұнатамын. Әрине, қазақтың қару-жарағы мен сауыт-саймандарын жасауда шабыттанамын. Олар шебердің өз туындыларын әлемге шынайы көрсетуге мүмкіндік береді, — деді Сәкен Назархан.
Сурет шебері, осы күнге дейін сақталған, жеке мөр-мұр болған Құнанбай сұлтанның жүзігін қайта қалпына келтірді. Бұйымды ол жоғарғы сапалы күмістен құйып, жүзікті күрделі оюлармен безендірді. Бұл жүзікті Абай музейіндегі қолөнер шеберлерінің көрмесінен көруге болады.
Сәкен Назарханның шеберлігі мен еңбекқорлығының арқасында Өскемен мен Семей музей қорларындағы бірегей заттар бүгінгі күнге дейін сақталуда.
Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі экспонаттардың басым бөлігі, қазақ халқының өмірі мен өнерін бейнелейтінэкспонаттар Сәкен Назарханмен жасалған немесе қайта қалпына келтірілген. Ол қазақ киіз үйі ішіндегі безендірулер мен жиһаздарды қайта қалпына келтіріп қоймай, сонымен қатар күрделі ою-өрнектермен безендірілген сүйек инкрустациясын аяқтады. Өз қолымен түрлі домбыралар мен қобыздар жасады, бүркітшінің былғары жиынтығын мұқият қалпына келтірді. Бір сөзбен айтқанда қордан күңгірттенген және кеуіп қалған былғарыны алып, музейге тамаша қыран қолғабын, аңшы құстың басындағы қалпақ және сұңқардың басқа да көптеген атрибуттарын қайтарды.
Семейдегі тарихи-өлкетану музейіне келушілердің барлығын қазақтың ұлттық стиліндегі батыр мен қалыңдықтың киімдері, музыкалық аспаптар мен жарқыраған суық қару-жарақтар таң қалдырады. Батыр толық әскери киіммен қойылған, ал қалыңдықтың сәукелесі — бұл қазақтың зергерлік өнерінің шедеврі.
— Ағаштан жасалған музыкалық аспаптың жақсы дыбысының құпиясы, оны жасаған ағашқа байланысты. Мысалы, домбыра жасау үшін қатты сорттар керек: үйеңкі, пернатақтаға арналған сұр қабықты қатты ағаш, алма ағашы. Бет жағы үшін – шамақ – шырша ағашы, дәл осы ағаш түрі тиісті дыбыс береді. Нар қобыз үшін қарағаш, қайың немесе емен, ал шектері үшін жылқының жалы және түйе терісі жақсы, — деп құпиясымен бөлісті Сәкен Назархан. – Керемет семсер жасау үшін, жақсы болат қажет. Тұтқасы үшін бұғының немесе сирек ақбөкеннің мүйіздерін, мельхиор немесе күміс қолданған дұрыс.
Бүгінгі күндері қолөнер шеберінің туындылары облыстық музейде сақталып қана қоймай, Қазақстанның, тіпті шетелдік колекционерлердің жеке топтамаларында сақталуда. Мысалға, 2000 жылы семейліктер Өскеменге аспалы көпірдің мың есе кшірейтілген көшірмесін сыйлады. Осы сыйлықты Миллениумға арнап Сәкен Назархан жасаған.
2001 жылы Абай атындағы қазақ музыкалық-драма театры Мысырда гастрольда болып, Каирда өткен Халықаралық театр фестиваліне қазақ халқының ұлттық мәдениетін сипаттайтын этнодизайнер Сәкен Назарханның жұмыстары да қойылды. Көрме қойылғандардың экспонаттардың көпшілігіне келген қонақтар қызығушық танытып, Қазақстан туралы естелік ретінде сатып алды.
2002 жылы шеберді Алматы қаласына Орта-Азия көрме-жәрмеңкесіне қатысу үшін шақыртылды және көрмеге қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары – қылқобыз және домбыра, теріден жасалған торсық, сонымен қатар ұлттық стильде жасалған ағаш бұйымдары қойылды. Ұлттық қару-жарақ түрлерінен – жартылай асыл тастармен көмкерілген былғары қаптағы семсер. «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне де Сәкен Назарханның туындылары қойылды. Жыл сайын оның жұмыстары Невзоровтар отбасы атындағы музейде өтетін «Күзгі салон» көрмесіне қойылуда.
2016 жылы Сәкен Назархан Еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі билетін алды. Сол жылы Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану музейінде оның «Бабалар ізімен» атты жеке көрмесі өтті. Көрмеде қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын, сан түрлі қару-жарақтарды, ағаштан жасалған дәстүрлі ыдыс-аяқтарды, аң стиліндегі картиналарды көруге болады. Көрменің ашылу салтанатында Сәкен Назархан «Дизайнер өнеріндегі шығармашылық ерекшелігі үшін» медалімен марапатталды.
OkSemey.kz