Шығыс Қазақстан облысында 4-8 сәуір аралығында «Денсаулық апталығы» жарияланды

Өскеменде және Семейде онколог-мамандар апта бойы тегін қабылдау өткізеді, деп хабарлайды OkSemey.kz.

7 сәуірде аталып өтілетін Дүниежүзілік денсаулық күніне орай өңір бойынша «Денсаулық апталығы» басталды. 4-8 сәуірі аралығында Семейдегі ядролық медицина және онкология орталығының емханасы тұрғындар еш ақысыз қарала алады. Ол үшін алдын ала жазылу және дәрігер жолдамасы қажет емес.

«Қабылдауды ядролықмедицина орталығының жоғары білікті мамандары, онколог, абдоминальды және торакальды хирургтар, маммолог, уролог, гинеколог-мамандар жүргізеді. Ниет білдірушілер сағат 16:00-ден бастап 17:00-ге дейін келе алады», — делінген орталықтың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Медициналық мекеменің мекенжайы: Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3. Қандай да бір сұрақтар болса +7 722 277 51 00, +7 722 277 48 00, +7 722 277 46 00 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.

OkSemey.kz

Related Articles