Семейде көкөніс пен ірімшік қымбаттады

Өткен аптада әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының индексі Семей бойынша 0,8% құрады. Көкөністер мен ірімшік маусымды қымбаттады, деп хабарлайды OkSemey.kz.

Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кәсіпкерлер бөлімі басшысының міндетін атқарушы Жәнібек Мұқатаев айтып берді.

  • Семейде қалалық прокуратурамен бірлесіп әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасына мониторингтер жүргізілуде. Көтерме сауда кәсіпорындарының басшыларымен әрекет етуші заңнамаға сәйкес, сауда жәрдемақысын қолдану бойынша консультативтік жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бастап «Солтүстік» СЛО және «Jolaman» КСО 36 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті. Сомасы 602,4 млн теңгеге ауылшаруашылық өнімдері сатылды. Сонымен қатар, қалада «СПК «Ертіс» АҚ 13 сауда павильоны және тұрақтандыру қорының өнімдерін сататын 19 дүкен жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ тұрақтандыру қорының өнімдерін сату аяқталуға жақын: картоп 15 мамырға дейін, пияз және сәбіз 30 сәуірге дейін, – деді Жәнібек Мұқатаев.

Брифинг барысында бағаны ұстап тұру тұрақты бақылауда екені айтылды.

OkSemey.kz

Related Articles