Семейдегі музейлерде «Музейдегі түн» акциясы басталды

Ф.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейі бірінші болып мерекені бастады, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Түнгі акция «Мы родом из детства» тақырыбынды өтті. Бұл күні келушілерге арналып өте қызықты ойын-сауық бағдарламасы әзірленді.

Музей аумағында сәндік-қолданбалы өнер шеберлері туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. Бұл жерден имбирден жасалған пряниктер, қолдан жасалған шоколад және тағы да басқа сәндік бұйымдар сатып алуға болды. Автокөліктердің ретро-парады акциясы басталды.

Музей фойесінде келушілерді «Өлкетану қоғамы», «Прииртышье» ҚҚ пионер жасақтары қарсы алды және олар хормен 70-80 жылдардағы пионер әндерін орындады. Сонымен қатар музейге келушілер «Кемпірқосақ түстері» көрмесін тамашалады. Бұл күні акт залында Н.Г.Чернышевский атындағы № 1 мектептің оқушылары А.Барто, К.Чуковский, С.Маршактың «Вместе по дороге до Луны» театралды-поэтикалық қойылымын қойды, — деді музейде.

Музей алаңында Umodels модельдік агенттігінің және «Әлем балалары» Бейбітшілік үшін халықаралық мәдени орталығы» БҚБ сән көрсетілімі өтті, сондай-ақ концерттік бағдарлама қойылды.

Еске сала кетейік, акция барысында музей аумағында «Достоевскийдің бояу парақтары» атты интерактивтік экспозияциясы және мысықтар көрмесі, сонымен қатар түрлі фотоаймақтар жұмыс істеді.

Abai Aqparat.kz

Related Articles