Семейдің өнер адамдары боз кілемде күресті

Арена  көпфункционалды мәдени-спорт кешенінде қазақ күресінен "Өнер Барысы"облыстық турнирі өтті

Турнирге біздің аймақтың өнер саласындағы үздіктері қатысты.
Жарыс екі салмақ дәрежесінде өтті. 75 келіге дейінгі салмақта асаба, шоумен – Ернат Қанатбек жеңімпаз атанса, ал 75 келіден жоғары салмақта, әнші екі дүркін «Өнер Барысы» чемпионы – Мират Қапезов болды. Мират Қапезов дзюдо және қоян-қолтық ұрыстан спорт шеберіне үміткер.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында» Өнер Барысы » екінші рет өткізіліп отыр. Бұған дейін турнир 2019 жылы өткен болатын.

Abaiaqparat.kz

Related Articles