4 маусымда «Спартак» алаңында Андрей Карповичтің достарымен жолдастық матчы өтеді

Алдағы сенбіде «спартак» алаңында футболдан Андрей Карповичтің достарымен жолдастық кездесу өтеді, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Көлемді шара Абай облысының құрылуына арналған футбол фестивалі аясында өтеді.

Фестиваль бағдарламасы: балаларға арналған мастер-класс, қайырымдылық гала-кеші және Андрей Карповичтің достарының «Достар» командасы мен «Елімай» командасының жолдастық жұлдыздық кездесуі.

Еске салайық, Андрей Карпович – 1998, 2004 жылдардағы Қазақстан чемпионы; 2009 және 2010 жылдардағы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері, 2011, 2012 жылдардағы Қазақстан суперкубогінің иегері. «Андрей Карповичтің достары» командасында Андрей Аршавин, Денис Колодин, Давид Лория, Самат Смақов, Андрей Тихонов, Қайрат Нұрдәулетов, Евгений Ловчев, Егор Титов, Нұрбол Жұмасқалиев, Мұрат Тлешев өнер көрсетеді. Сонымен қатар жаттықтырушылары – Дмитрий Кириченко және Курбан Бердиев келеді. Көрермендер тартысты кездесуді тамашалайтын болады.

Матчтың басталуы – сағат 16:00. «Спартак» алаңына кіру тегін.

Abai Aqparat.kz

Related Articles