Семейде «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Кеше Семейде отбасылық өмір салтын насихаттауға бағытталған «Мерейлі отбасы» байқауы өтті, – деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Байқауға бес отбасы қатысты, олар қазылар алқасына өздерінің визит карточкаларын ұсынды, өз отбасылары туралы айтып, театр қойылымдарын көрсетті. Биылғы жылы байқаудың нәтижесі:

І орнын, екі отбасы – Байбатыровтар мен Сапархановтар бөлісті. Әр отбасы 100 мың теңгенің сертификатын алды.

ІІ орын – Құрманбаевтар отбасы, 80 мың теңгенің сертификатымен марапатталды.

ІІІ орын – Құмашевтар-Айтқалиевтер отбасы,  70 мың теңгенің сертификаты және шаңсорғыш табыс етілді.

ІV орын – Тоқтағазиндер отбасы, 50 мың теңгенің сертификатын алды.

«Мерейлі отбасы» байқауы жыл сайын еліміздің барлық қалаларында өткізіледі. Байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпаздары облыстық, одан әрі республикалық кезеңдерге жіберіледі. Биыл Семейде байқау тоғызыншы рет өтті.

Abai Aqparat.kz

Related Articles