Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Көкпекті ауылында орналасқан Балалар шығармашылық сарайы ғимаратымен танысты

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевтың Көкпекті ауданымен таныстығы Көкпекті ауылында орналасқан Балалар шығармашылық сарайы ғимаратымен (бұрынғы Құмар Раев атындағы балалар үйі) басталды, – деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Онда Балалар шығармашылық сарайының директоры Сүлейменов Асқар Дүйсембекұлы жаңа ғимаратпен және Балалар шығармашылық сарайының жұмысымен таныстырды.

1932 жылы Семей облысы исполкомынының шешімі бойынша Көкпекті ауылында балалар үйі ашылды. Аталған балалар үйі тәрбиеленуші балалар санының күрт азаюына байланысты 2016 жылы жабылып қалған. 2021 жылы аталған ғимарат ШҚО білім басқармасы теңгерімінен Көкпекті ауданының мәдениет және тілдері дамыту бөлімінің теңгеріміне берілді. Ғимаратты қалыпқа келтіру және жөңдеу жұмыстарына аудандық бюджет есебінен 145 млн.тг. қаражат бөлініп, 2021 жылдың қазан айында Көкпекті ауданының оқушылар шығармашылық сарайы ғимаратына ағымдағы жөңдеу жұмыстары басталып, 2022 жылдың мамыр айында ғимарат қолданысқа берілді. Бүгінгі күні аталған ғимаратты жөндеу бойынша келесі жұмыстар жүргізілді:
– қазандықтың жылу жүйесі жөнделді, 6 мың шаршы метрге арналған заманауи қазандық орнатылды, алдағы уақытта көрші ғимараттарды осы жылыту жүйесіне қосу жоспарланған;
– қазандыққа дейін су магистралі салынды;
– ғимараттың 90-нан астам пластикалық терезелерін ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді;
– 1200 шаршы метр еден жабыны ауыстырылды;
– 400 шаршы метр астам бітеу (шпаклевка) жұмыстары жүргізілді;
– заманауи әрлеу технологиялары қолданылды, атап айтқанда 900 шаршы метрден астам жуылатын пвх панельдері орнатылды;
– ғимараттың электр жабдықтары толығымен ауыстырылды (жарықтандыру, розетканы ажыратқыштар, сымдар толығымен ауыстырылды (жоғары функционалды мыс сымдары орнатылды, кіріс кабелі, счетчиктер мен автоматтар ауыстырылды);
– магистральды су бұру жүйесі толығымен ауыстырылды (кәріз және кәріз желдеткіші) және басқа да көптеген жұмыстар.

«Оқушылар шығармашылық сарайы» бес бағытта қызмет көрсетеді:
1. Музыкалық – эстетикалық,
2. Көркем – эстетикалық,
3. Техникалық,
4. Әлеуметтік – педагогикалық,
5. Спорт – туризм.

Аталған бағыттармен аудан мектептерінде үйірмелер, спорт секциялар, музыка сыныптары жұмыс жасауда.
Жаңадан ашылған ғимаратта балаларға арналған – 13 үйірме жұмыс істеп, 350 бала қамтылуда.
Жаңа ғимаратта балалар үйірмелеріне арналған 13 арнайы кабинет (шеберхана, сурет – бейнелеу, шахмат, қолданбалы, домбыра – 3, фортепиано – 2, теория-сольфеджио – 1, Абай әлемі, Жас қалам, хореография, қобыз) 1 акт залы және 1 спорт зал бар.

Abai Aqparat.kz

Related Articles