Кездесу қорытындысы

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ – да халықпен және жұртшылықпен есеп беру кездесуі өтті. Есеп беру кездесуі басталмас бұрын, жиналған қауымға ЖОО корпустары бойынша экскурсия ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

Брифингте басқарма төрағасы – ректор, қауымдастырылған профессор, техника ғылымдарының кандидаты Сәуле Рахметуллина 2021 жылы атқарылған жұмыс қорытындыларымен бөлісіп, келесі оқу жылына арналған жоспарларымен бөлісті.

Университет бүгінде – бұл әлемдік және республикалық рейтингтерді көш бастап, білім беру бағдарламалары халықаралық аккредиттеуден табысты өтуде.

ШҚТУ барлық қызмет түрлерін қамтитын ISO 370001 сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджменті жүйесінің халықаралық сертификаттауынан еліміз бойынша бірінші болып өтті.

ШҚТУ -бұл өңір, ел, әлем үшін жоғары білікті техникалық кадрлар даярлайтын практикаға бағдарланған жоғары оқу орны. Біздің түлектеріміз «ERG»; «Volkswagen»; «Simens»; «Microsoft»; «Rosneft»; «Росатом»; «Kazatomprom»; «Самрұқ қазына»; «ТМК»; «ҮМЗ»; «Казминералс»; «Kazzinc» сияқты ірі компанияларда жұмыс істейді.

Жұмыспен қамту пайызы жыл сайын өсіп келеді, биыл 96% – ды құрады.

Бұл үшін ЖОО ұжымы академиялық қызметте көп жұмыс атқарады, сондай-ақ университеттің инфрақұрылымын жақсарту бойынша жобаларды іске асырады.

Ғылыми қызметті жақсарту саласында университет ЖОО-ларды ҒЗИ-мен шоғырландыру және ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру арқылы өз байланыстарын нығайтты.

Гранттық қаржыландыру арқылы ЖОО ғылымына мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Брифингктің толық нұсқасын университеттің @ektu.kz Инстаграм парақшасынан көруге болады.

Abai Aqparat.kz

Related Articles