БҰҰ стипендиаттары ҚР Ұлттық ядролық орталығына барды
БҰҰ қарусыздану жөніндегі стипендиаттары Курчатов қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына барды. Делегация құрамына 24 шет елдің өкілдері және БҰҰ-ның 2 үйлестірушісі кірді, — деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
Сапар барысында бұрынғы Семей сынақ полигонының аумағына, ССП тарихының экспозициялық залына, зертханаларға, ҚТМ қазақстандық материалтану токамакының стендтік кешеніне барып, қаланың көрікті жерлерімен танысты.
Анықтама: БҰҰ стипендиаттарының қарусыздану бағдарламасы 1978 жылы БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің жас дипломаттарын даярлау және әлеуетін арттыру мақсатында БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен ашылды. Бағдарлама ашылғаннан бері БҰҰ қарусыздану Басқармасының Женева филиалы 170 елден 1000-нан астам дипломат дайындады. Қазақстандық дипломаттар бағдарламаға 2015, 2017 және 2021 жылдары қатысты.
Abai Aqparat.kz