Семейдегі перинаталды орталық 190 төсекке арналған

Орталықта қосымша балаларды оңалту орталығы және ерте араласу орталығы ашылды. Екі орталықта жоғарғы сапалы заманауи жабдықтармен жабдықталған, деп хабарлайды OkSemey.kz.

Семейдегі перинаталды қызметтің жұмысы туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Семей қаласының перинаталды орталығының директоры Архат Дайырбаев айтып берді.

  • Бізде қала орталығында жеке тұрған екі ғимарат жұмыс істейді. Біз бұл жерлерде ана мен балаға көмек көрсетеміз. Сол жағалауда, Өтепбаев көшесі 57 мекенжайы бойынша, бұрынғы № 2 перзентханада біздің емхана жұмыс істеп тұр. Биылғы жылдан бастап балаларды оңалту орталығы ашылды, бұл жерде жаңа туған нәрестеден бастап 18 жасқа дейінгі балалар оңалтудан өте алады. Орталық екі бөлімшеден тұрады: ерта араласу орталығы — жаңа туған және үш жасқа дейінгі балаларға арналған; балаларды оңалту орталығы — үш жастан 18 жасқа дейінгі балаларға арналған, — деп мәлімдеді Архат Дайырбеков.
Фото: Анатолий Тернов

Сонымен қатар баспасөз-конференциясы барысында спикер балаларды медициналық оңалтудан өткізу мемлекеттік тапсырыс шеңберінде, қайтарымсыз негізде жүретінін атап өтті. Орталыққа ай сайын жүзден астам бала келеді, олардың қатарында мерзімінен бұрын туған балалар, туа біткен ақаулары бар балалар және психикалық дамуы бұзылған балалар бар.

  • Ақпан айында, сол жағалаудағы ғимаратта бізде бірінші рет катамнез бөлімшесі ашылды. Бұл жерде мерзімінен бұрын дүниеге келген және ауыр босану нәтижесінде туған балаларды қабылдайды. Бұл, емханаларда бөлек балалардың учаскілері жоқтығына байланысты. Сондықтан біз осы функцияны толықтай өзімізге аламыз. Аналар емханаларынан жолдамалар алып, бізден толық тексерілуден өте алады, — деп түйіндеді Архат Дайырбеков.

OkSemey.kz

 

Related Articles