Семейдегі ЖМЖА 375 төсек-орынға арналған

Диагностикалық қабылдау бөлімшесі арқылы ауруханада шамамен 27 мыңнан астам адам өтсе, олардың 16 мыңға жуығы ауруханаға жатқызылады, деп хабарлайды OkSemey.kz.

Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Семей қ. жедел медициналық жәрдем ауруханасы директорының емдеу ісі және стратегиялық жоспарлау жөніндегі орынбасары Ғалия Алибаева айтып берді.

  • Екі жыл ішінде бізде міндетті-медициналық сақтандыру енгізілді. Бұл тұрғындарға жедел ғана емес, жоспарлы ем алуға да мүмкіндік береді. Оның үстіне бұл бізге халыққа жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік берді. Бір жарым жыл бұрын біз мемлекеттік аккредитациядан өттік және бүгін науқастарды сапалы және қолжетімді медициналық қызметтермен қамтамасыз етудеміз. Біз әліде болса жетілдірілудеміз, біздің персоналдар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар қатар шетелдің озық медициналық мекемелерінде біліктіліктерін жетілдіруде. Бүгіндері біз жұмыста біздің елімізде ғана емес, шетелдік медицинада қолданылатын емдеудің програссивті әдісін пайдаланамыз, — деді Ғалия Алибаева.

Аурухана басшылығы қол жеткізген жетістіктермен шектелмеуде. Жекелей алғанда, жақын болашақта бұл жерде кардиохирургия және нейрохирургия қызметтерін дамыту жоспарлануда.

OkSemey.kz

Related Articles