Семейде комедиялық сериалдың түсірілімі жүріп жатыр
You Tube арнасында Semeystan Семей паблигінің «ФИЗФАК» комедиялық сериалының бірінші сериясы шықты, деп хабарлайды OkSemey.kz.
Сериалдың кейіпкерлері – түрлі жағдайларға тап болған дене шынықтыру факультетінің студенттері. Барлығы мынадан басталды, бұрынғы КВНщиктер, ал қазір олар әбден ересек және байсалды адамдар, олар өзінің туған қаласы және тұрғындардың өмірін сериал арқылы жеткізуді шешкен.
- Түсірілім үшін біз бұрынғы күлегеш тапқырлар клубында өнер көрсеткен азаматтарды тарттық. Бәріміз бірге сюжет ойлап тауып, сценарий жасамыз, түсіреміз. Әрине, бұған көп уақыт кетеді, бірақта нәтижесі соған тұрарлық, — деп бөлісті сериалдың авторларының бірі, Семейдегі «Жылдың үздік журналисті — 2021» номинациясының иегері Елдар Ермеков. – Біз осы сериал арқылы елімізге өзіміздің сүйікті қаламызды көрсеткіміз келді. Көрерменді күлдіріп, көңілдендіре білсек – біз үшін сол жетістік.
Сериал түсірілімдері қала көшелерінде және оқу мекемелерінде жүруде. Сериалдың авторлары бұдан миллиондап ақша табуды жоспарлап отырған жоқ және түсірілім үшін бір тиында жұмсамаған. Олар үшін бастысы – көтеріңкі көңіл-күй. Ал кадрлардан семейліктер туған қаласының көшелерін ғана көріп қоймай, сондай-ақ кезінде олардың, таныстарының тойларын жүргізген қаладағы белгілігі тамадаларды байқайды.
Сериалдың бірінші маусымы 12 сериядан тұрады деп жоспарлануда. Ал маусым аяқталғаннан кейін сериалдың болуы немесе болмауы көрерменге байланысты. Алғашқы төрт күн ішінде «Физфак» сериалының алғашқы сериясы 22 мың қаралым жинады.
OkSemey.kz