Семейде Елизавета Ключевскаяның акварель көрмесі ашылды
Семейдегі Ф.М.Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде мәскеулік суретші Елизавета Ключевскаяның көрмесі ашылды, деп хабарлайды OkSemey.kz.
Музейде көрме суретшіні еске алуға және Федор Михайлович Достоевскийдің Мария Дмитриевна Исаевамен некелесуінің 165 жылдығына арналғаны айтылды.
Музей қорында барлығы 21 акварель жұмысы бар, бірақта көрмеге оның 17 жұмысы қойылды. Көрмедегі жұмыстарда сол замандағы қаланың көшелері мен ескі үйлері бейнеленген. Суретшінің этюдтарынан мешітті және шіркеуді көруге болады.
«80 жылдар суретші Мәскеуден Семейге бірнеше рет келді. Мақсаты — жылдың әр мезгілінде қаланың көшелерін және үйлерін бейнелеу. Сол уақытта Елизавета Дмитриевна Ф.М.Достоевскиймен есімімен байланысты жерлердің бәрінде болып қайтқан», — деп түсіндірді музейдің экспозициялар мен көрмелерді ұйымдастыру секторының меңгерушісі Владимира Соловьева.
80 жылдардың ортасында Елизавета Ключевская өзінің акварел жұмыстарының топтамасын Ф.М.Достоевский музейіне табыстаған.
Елизавета Дмитриевна Ключевская 1924 жылы Мәскеуде дүниеге келген. Ата-анасымен бірге Батыс Еуропаға қоныс аударған. Олар Бельгияда, Францияда және Германияда тұрған. Сол жерде Елизавета Ключевская сурет өнерінен сабақ алған. Қоныс аударудағы ұзақ жылдарда суретші Отанына деген сүйіспеншілігін жоғалтпаған. 1957 жылы Мәскеуге қайтып оралған.
OkSemey.kz