Шығыстың тарихы ескерткіштер: Айдаһар тауы туралы аңыздар мен мифтер
Шығыс Қазақстанда Семейге жақын жерде Делбегетей деген шағын тау сілемі бар. Олар жазық далада қалай пайда болды? Өткен жылы ертіс өңірінің таулары мен жоталарына арналған іздеу және зерттеу жұмыстары жүргізілді. Өлкетанушылар Делбегетей және Көкентау тауларына бірнеше қызықты саяхаттар жасап, ол жерлерден олар көптеген қызықты олжалар, сондай-ақ көптеген қызықты оқиғалар әкелді, табылған олжалармен және қызықты аңыз-әңгімелермен OkSemey.kz Semeynews.kz-ке сілтеме жасап.
Айдаһар тауы – Семей қаласының оңтүстік-шығысында орналасқан Делбегетей тау сілемдері дәл осылай аталады. Шынында да солай. Егер оларға ғарыштан қараса, онда аласа тау сілемдері қисық сегіз санын білдіреді, ал саяхатшының көзінше тау сілемдері, шетсіз-шексіз далада иіліп жатқан үлкен айдаһарды бейнелейді. Бұл әлі бәрі емес. 1959 жылы Зайсан жерінде табылған динозавр сүйектері және жұмыртқа қабығы сынды археологиялық ашулар, ежелгі уақытта бұл жерлерде нағыз динозавр-айдаһардың кезген болуы мүмкін екенін көрсетті. Зайсандағы қазба қалдықтарының тұнуы «динозаврлық» деп аталатыны бекер емес. Семейдегі «Прииртышье» өлкетанушылар қоғамы мүшелері үшін Делбегетей тауы – жаңа білім мен шексіз ізденістің сарқылмас көзі болды. Бұл жерге туған өлкенің зерттеушілері қайта-қайта келе беруге дайын, бұл өлкенің байлығына, таңғажайып тарихына таң қалудан жалықпайды, изумруд аңғарларымен кесілген тау пейзажының сұлулықтары және бір-бірінен ұқсамайтын жартастары адамды өзіне тартады. Сіздер, жүздеген шаршы шақырымдық алаңда қазақтың таулы өлкесі қайдан келді және ежелгі полеозой көлі болған, қауырсынды шөптер мен жусан өскен далада тау сілемдері қалай пайда болған деп ойланбадыңыздар ма? Зерттеушілердің айтуларынша, Делбегетей сілемдері – астроблема – жердің жұлдызды жарасы, яғни жердің астероидпен соқтығысуы нәтижесінде пайда болған.
Шын мәнінде, тау сілемдері – жардың бетіне аспан денелерінің соғылуы нәтижесінде қалыптасқан кратер болып табылады. Мұны ғарыштан түсірілген фотосуреттерді мұқият зерттегенде көруге болады.
Дегенмен, Делбегетейге қатысты айтудың қажеті жоқ: оның пішіні дұрыс емес сегіз санына көбірек ұқсайды. Бұл жерге миллиондаған жыл бұрын бір ғана астероид емес, бірнеше астероид түскенін болуы мүмкін, мысалға, қатты жылдамдықта екіге бөлінген жарқыншақтары түскен болар. Құлағаннан кейін олардың кратерлері бір-бірімен араласып, осы пішінде ғасырлар бойына қатып қалған. Сонымен қатар, тау пішінінің оғаштығына астероидтардың құрлыққа емес, өткен дәуірлерде осы жерде созылып жатқан ежелгі палеозой теңізіне құлау фактісіде әсер еткен болар.
- Бір қызығы, Делбегетей тауы атауының тағы бір шығу тарихы бар. Ежелгі қытай тілінен аударғанда «игілікті», «қайырымды» немесе «қайырымдылық» деген мағынаны білдіреді. Әрине, аңғарлар мен шатқалдарға бай бұл таулы аймақты құнарлы аймақ деп нық айтуға болады. Дәл осы жерден Қазақстандағы жалғыз изумруд кен орны ашылғанын айтсақ та жетілікті. Ол жер Әлжанов деп аталды, бұл жерде соңғы уақытқа дейін бағалы минералдарды өндіру жұмыстары жүргізілді, — деп айтып берді «Прииртышье» өлкетану қоғамының мүшесі Екатерина Гуляева.
Геологтардың айтуларынша, кратердің ішіндегі тостағандарда қазірдің өзінде көптеген миаролдарды – микролин кристалдарына, раухтопаз, топаз, турмалин және гелиодорға толы граниттегі тік түтік тесіктерді көруге болады. Графиттік конкрецияларды астроблеманың граниттерінің шөгінді жыныстармен жанасуға жақын бөлігінде соққы алмаздарын кездестіруге болады.
Бірақ бұл жер тек пайдалы қазбаларға ғана бай емес. Қола дәуірінің өзінде, Ежелгі Мысырда ұлы пирамидаларды тұрғызып бастағанда, тарихта чудь (бөтен, жат) болып қалған жергілікті тайпалар бұл жерден мыс және ең бастысы қалайы кен орындарын ашқан. Қалайы өте сирек кездесетін металл, сондықтан ол сол дәуірде алтынға пара-пар болды. Қалайысыз қарулар мен еңбек құралдарын, тұрмыстық заттар және әшекейлер жасайтын қола қорытпасын дайындау мүмкін болмады. Қалайы кен орындары – касситерит – тау жыныстарында өте сирек кездеседі.
Өлкетанушы Павел Николаевич Жуков қазақстандық-германдық бірлескен экспедициясы және жасалған ашылудың ғылым мен мәдениет үшін, бірегей мұраны сақтау туралы айтып берді.
- Қалайы рудасын осы жерлердің тұрғындары, андронов мәдениетіндегі адамдары да өндірген. Осы кенқазушыларды, тау-кен металлургия саласында біліктіліктері бар белгілі чудь тайпасының өкілдері деп санаған. Н.К.Рерих біздің ауданда «курумчи ұсталары» туралы аңызды жазып алды. Бұл күршімдік халық емес пе? Бұқтырмалық ескі сенушілер мен Алтайға қоныстандырылған Ертіс казак-орыстары – делбегетейлік кен орындарындағы ежелгі кеніштерді «чудтық шұңқырлар» деп атады, — деп тоқталды Павел Жуков.
«Чудь» — олардың түсініктері бойынша жат, түсініксіз деген мағынаны білдірді. Міне осы жерден түсініксіз атау шыққан. Өйткені, ең ежелгі металлургтер туралы естеліктер ғасыр шаңының астында қалды, ал чудь тайпасы туралы деректер қалмады. Шынында, кей жерлерде сақталып қалған атаулар кездеседі: Алакөл өзені жанындағы Чурчуть өзені, Нарым ауданындағы Чур-чутсу сай-сала өзені. Олар бұл жерлердің алғашқы қоныстанушыларының көнелігін растайды.
- Қазіргі заманғы ғалымдар, чудь тайпасы – Қазақстан тарихы бойынша бізге белгілі андронов мәдениетінің тайпасы деп санайды. Ал археологтардың бір бөлігі, андроновшылар – жарты бөлігі біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықта Үндістанға кетіп қалған әйгілі арии-арьи тайпасы деп санайды. Біздің күнімізге дейін Делбегетейде алғашқы кейіпінде найзаның және ежелгі кеншілер чудь тайпасының кен орындарының сақталуы өте керемет. Осындай кешендердің бірі, ішіне қайтыс болған кеншілерді жерлейтін кішігірім некрополі бар кен шахтасы. Оны қазақстандық-германдық экспедиция барысында археологтар бірнеше археологиялық маусымдар барысында зерделеді, — деді өлкетанушы.
Зерттеушілердің берген мәліметтері бойынша, қалайы кен өндіру орындары сирек кездеседі. Тау-кен іздері әдетте уақыт өте келе жойылған. Біздің тауларымыз ежелгі кен орындарын, кеншілердің қоныстарын, олардың қорым кешендерін бұрынғы, бұзылмаған күйінде зерттеуге мүмкіндік береді.
Экспедия жасақтарының бірінің басшысы, профессор Гореликтің айтуынша, Делбегетейде орындалған еңбек жұмысы мысырлық пирамида құрылысымен салыстырғанда бірдей болған. «Бұл жерде ашық аспан астында кеншілердің музейі болу керек», — деп атап өтті өлкетанушы қайтып бара жатып.
- Өлкетанушылар осы ұсыныспен билікке талай рет жүгінген, бұл жерлерді тарих және мәдениет ескерткіші деп жариялауды қолға алуды ұсынды, біз астаналық археологтардан қолдау алдық, бірақ …. Бұл әсем жерлерді туристерге көрсетуге, ежелгі қазақстан жерінің қызықты тарихы туралы айтуға әлі де мүмкіндік жоқ, — деп түйіндеді Павел Жуков.
Археологиялық қазба жұмыстары кезінде «Прииртышье» өлкетану қоғамының мүшелері жиі қонақ болды. Олардың бірі, археолог Александр Долгушев археологиялық маусымдардың біріне қатысқан. Ұзаққа созылған әңгіме барысында өлкетанушы әріптестерімен археологтарға олармен жергілікті жерде жасалған ашылуларды айтқан.
Олар тек археологиялық ескерткіштер ғана емес, оның ішінде керемет, ежелгі суретшілердің қолымен салынған, жақсы сақталған, сюжеттік желісі бай петроглифтермен тастағы суреттер бар. Таулар мен тау бөктерлерін зерттеу барысында өлкетанушылар тастағы суреттердің көптеген «галереясын» ашты. Асқаралы ауылы ауданында архарлардың, жылқылардың, түйелердің және көптеген аңшылық көріністерінің суреттері табылды. Сирек кездесетін петроглифтер де кездеседі, атап айтқанда қар барысының бейнесі, бәлкім, бұл сирек кездесетін мысықтектестің түрі ежелгі заманда осы тауларда жүрген. Ал ежелгі кенқазушылардың андроновтық тайпаның Күнге табынғаны, ескі гранит тастарында қалтырылған күн сәулелерінен анық көрінеді.
Шар жәрмеңкесі
Бірақ ежелгі кеншілер ғана емес, қол дәуіріндегі Делбегетей тауларын мекендегендерде өз іздерін қалтырды. Кіші Қарасу ауылының маңында, Семейден 60 шақырым жерде, кең далада, аласа гранитті таулардың етегінде созылған, Гурбанчар өзені жанында, осыдан бір ғасыр бұрын жылына екі рет (көктемде және күзде) Шар жәрмеңкесі өткізілетін. Қазақстанда ХІХ ғасырдың соңынан ХХ ғасырдың басына дейін ол өзінің маңыздылығы және тауар айналымының көлемі жағынан екінші жәрмеңке болды.
Ол туралы «Прииртышье» өлкетану қоғамының төрағасы Марат Сасанов айтып берді.
Шар жәрмеңкесі әрқашан қатаң мамандандырылған болды: онда тек мал сатқан. Малды жиі халық тұтынатын тауарға – матаға, шәйға, ыдыс және тағы да басқаға ауыстыратын. Жәрмеңкелер көшпенділерді, алыс ауыл тұрғындарын көптеп тартатын, себебі бұл жерде шалғайдағы болыстарда жоқ азық-түліктерді және әртүрлі фабрикалық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу мүмкін болды. Осының барлығы «Прииртышье» өлкетанушылары тапқан көптеген жәдігерлермен расталды. Осындай экспедициялардың бірінде олар бірнеше ондықтағы қорғасын пломбыларын тапты, пломбылармен ХІХ ғасырдың соңында ХХ ғасырдың басында саудагерлер мата будандарын, ыдыс-аяқтарды және тағыда басқа тауарларын бекіткен. Сондай-ақ зерттеушілермен тауар салынған сандықтарын жабатын кішкентай құлыптар табылды. Тіпті аталған тауарларды шар жәрмеңкесіне кім әкелгені де анықталды.
- Шамамен табылған 28 қорғасын пломбасының 80 пайызы көпес Викуль Морозовқа тиесілі. Көпес Морозов мата саудасымен айналысып, жәрмеңкеге маталарды малға айырбастау үшін әкелетін. Сонымен қатар, ол маталарды сатып қана қоймай, оларды шығарған. Олда ағасы, Захар Морозов сияқты Богородо-Глуховский мануфактурасына иелік еткен.
Захар және Викуль Морозовтардың пломбыларын Шар жәрмеңкесінің әр жерінен таптым, осы қызықты болып тұр. Яғни, ағасы мен немере інісі бір уақытта сауда жасаған, сонымен қатар олар сауда шатырларын өз табыстарын ойлап, бір-бірінен алыс қойған.
1981 жылы жәрмеңке, сол кездер үшін үлкен қаражат болып саналатын — 151 940 рубль табыс әкелгені туралы деректер бар. Сонымен қатар, Шар жәрмеңкесінің жылдық айналымы астрономиялық сомаға — 300 000 рубльге жеткен кезеңдері де болды. Патшалық Ресейде ХХ ғасырдың басында бір сиырдың құны 3 рубльді құраған. Сондықтан екі аптаға созылған жәрмеңкеде қанша сауда операциясы жүргізілгенін санау қиын емес, — деп айтып берді Марат Сасанов.
Жалпы алғанда Семей облысының сауда айналымы ХІХ ғасырдың соңында жаман болмаған. Сол уақытта қазіргі Қазақстанның аумағында 106 жәрмеңке өткізілген, соның 28 жәрмеңкесі Семей облысында өтті. Бұл жерде айналым 2,8 миллион рубльге жетті. Жалпы Қазақстан бойынша жәрмеңке айналымы шамамен 82,5 миллион теңгені құрады.
Әр жаңа жылда малдың көшуі дәл осы Шар жәрмеңкесінен басталды деп айта аламыз. Осы жерде барлық сатып алынған мал Омск қаласына, ал сатылмаған мал Қоянды жолданды. Ол жерге жергілікті малмен қатар, Атбасар және Ақмола жәрмеңкелеріне шығару үшін Жетісу малы қоса жеткізілді.
Келесі кезең Торғай облысы және Петропавл жанындағы Звериноголовская стансасы болды. Бұл жерде сатып алынған мал сойылып, ет және тері түрінде ресейлік губернияларға жолданды. Бұл сауда тіпті сату деп айтуға келмейді, керісінше, көшпелі-малшылардың малды фабрикалық тауарларға айырбастауы болды.
Бүгінгі күнге дейін Делбегетей тауында «40 аула» деп аталатын бірігей ғимарат сақталған. Ол бүкіл кең аумақтың керемет панорамалық көрінісін беретін тау шыңдарының бірінде орналасқан. Аталған жерде осыдан жүз жыл бұрын қалың халық жиналған Шар жәрмеңкесінің өмірі қайнап тұрған. Кең, жайлы аулаларда үнемі, жәрмеңке мерзімінде, ал бұл екі аптадан бір айға дейін, Қазақстанның, Қытайдың, Монғолияның, Ресейдің және де басқа елдердің түпкір-түпкірлерінен келген саудагерлер мен мал иелері тұрды. Әрине, көбінде бір шыны шай үстінде пайдалы мәмілелер мен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасалды.
Қонақ үй аумағында әлі күнге дейін фарфор, керамика және шыны ыдыстарының, соның ішінде ХХ ғасырдың басында құнды болып саналған жұқа Кузнецов фарфорының көптеген сынықтарын жолықтыруға болады. Бұл қонақтардың ауыр жәрмеңке күнінен кейін, күнделікті күйбең тіршіліктен алыс, хош иісті шай ішуді ұнатқандарын білдіреді. Бұл жерлерден өлкетанушылар түрлі номиналдағы патша монеталарын, бірнеше сақина тапқан. Бұл ер адамның сақинасы. Бұл жерден әйелдердің зергерлік бұйымдары табылмағандықтан, жәрмеңкеге тек ер адамдар келген қорытынды жасауға болады. Әйелдер болған күннің өзінде, олар сирек қонақ ретінде болған.
Тау басындағы саман кірпіштен және гранит тастан салынған ғимараттан алынған пробалар, ғимараттың жасы жүлдан асқанын көрсетті, ғимарат өте керемет сақталған. Бүгінгі күні адам бойынан биік қабырғалары сақталған, онда терез, есік ойықтары бар. Бөлмелердің көлемін, санын оңай есептеуге болады.
Негізінде, біздің өңірдің керемет тарихи және архитектуралық ескерткіші жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихын қызықты беттерін суреттейді. Осындай ескерткіштер республикада саусақпен санарлық. Мемлекеттің қорғауынсыз және иесізбіз оны бірнеше жыл ішінде жоғалтып алуымыз мүмкін. Желдің, жаңбыр мен қардың ықпалынан қабырғалары біртіндеп қирауда, қайта қалпына келтіруді қажет етеді.
- «40 аула» керемет туристік нысан бола алады. Қонақтарға және аймақ тұрғындарына айтатын тарихы бай, көрсететін құндылықтары көп. Сондықтан біз осы нысанға мемлекеттік қорғауда болуы үшін тарихи-мәдени мұра ескерткіші мәртебесін беруге бастама көтеріп отырмыз, — деді өлкетанушы Екатерина Гуляева.
Делбегетей – шын мәнінде Ертіс өлкесі картасындағы ақмаржаны. Ұйымдасқан туризмнің, негізделген ғылымның дамуы, бұл қызықты орынға жаңа өмір сыйлар ма еді!
Фото «Прииртышье» өлкетану қоғамынан
OkSemey.kz