ШҚО-да өрт сөндірушілердің республикалық чемпионаты басталды
Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионатын ҚР ТЖ министрі ашты, деп хабарлайды OkSemey.kz.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022 жылғы 23 ақпанда облыс орталығында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан чемпионаты басталды. Оны Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин салтанатты түрде ашты. Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі №549 Жарлығына сәйкес, министр Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментіне туды тапсыру рәсімін өткізді.
- Бұл Департамент пен Министрліктің барлық ұжымы үшін тарихи оқиға. Барлық қатысушыларды құттықтаймын және Отан қорғау бойынша өз парызымды лайықты орындауға тілектеспін, — деп атап өтті Юрий Ильин.
Чемпионат 3 күн өтеді, оған республиканың барлық аймақтарынан 19 команда қатысады. Қатысушылар кедергілермен жүз метрге жүгіру, оқу мұнарасының 4-қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу бойынша сайысқа түседі. Ерлер, әйелдер және жасөспірімдер құрамалары жарысады.
Өрт сөндіру-құтқару спорты өрт сөндірушілердің жауынгерлік әзірлігін арттыратын және өрт сөндіру тәжірибесінде қолданылатын спорт түрі. Баспалдақтың салмағы 8,5 келі, ұзындығы 4 метр. Бірнеше секунд ішінде спортшылар оқу мұнарасының 4-ші қабатына көтеріледі, сондықтан жақсы нәтиже көрсету үшін жылдамдық, күш және икемділік қажет. Ең жоғары нәтижелердің бірі 2021 жылдың жазында Қарағанды қаласында өткен Әлем чемпионатында тіркелді. Спортшы Николай Буторин баспалдақпен оқу мұнарасының терезесіне 13, 3 секундта көтерілді.
Мұндай оқу-жаттығу кешені Қазақстанның бірнеше өңірінде бар. ШҚО-дағы спорт манежі алғашқылардың бірі болып пайдалануға берілген. Мұнда облыстық және республикалық маңызы бар жарыстар үнемі өткізіліп тұрады. Спортшылар жақсы нәтиже көрсетіп, чемпионат жоғары деңгейде өтуі үшін барлық жағдай жасалуда.
OkSemey.kz