ШҚО-да денсаулық басқармасына жаңа басшы тағайындалды
ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыстық Денсаулық сақтау басқармасының ұжымы мен медициналық аймақтың медициналық қоғамына басқарманың жаңа басшысы — Сағидуллина Гүлмира Ғабдоллақызын таныстырды, деп хабарлайды OkSemey.kz.
Гүлмира Сағидуллина өз еңбек жолын 1997 жылы Семей мемлекеттік медициналық университетін «емдеу ісі» бойынша тәмәмдай сала бастаған адам.
Өз кәсіби жолында ол облыстық онкологиялық диспансерде дәрігер-анестезиолог-реабилитолог болып еңбек еткен. 12 жылдан астам уақыт осы медициналық ұйымда емдеу ісі бойынша бас дәрігердің орынбасары қызметінде болған.
2015 жылы аймақта ашылған алғашқы замануи Оңалту орталығының бас дәрігері болып тағайындалған. Өз ісінің білікті маманы ретінде Оңалту орталығында енгізілген озық терапия мен оңалту тәсілдерін аймағымызда жетілдірді.
Соңғы алты жыл ішінде Гульмира Ғабдуллақызы облыстық Көпсалалы онкология және хирургия орталығын басқарып келді.
«Өздеріңізге белгілі соңғы жылдары Шығыс Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қыруар қаржы бөліп отырмыз, замануи қондырғылар, күрделі жабдықтылған орталықтар ашылды. Жаңа басшы еліміздің денсаулық сақтау саласына бағытталған бағдарламаларды дұрыс жүзеге асыруға бар күшін жұмсайды деп білемін», — деді аймақ басшысы.
OkSemey.kz.