ШҚО-да қазақ тілі пәнінің 760 мұғалімі біліктілігін арттырады

Шығыс Қазақстан облысында қазақ тілі пәнінің 760 мұғалімі біліктілігін арттырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов қала және аудан әкімдерінің, басқарма басшыларының қатысуымен жиын өткізді. Соның барысында талқыланған мәселелердің бірі – көптілді білім беруді дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру болды.

«Соңғы бірнеше жылда шетелдік Кембридж университетінің әдістемесі бойынша облыста шет тілдерін оқыту бағдарламасы жақсы нәтиже берді. Алайда қазақ тілін оқыту әдістемесін талдау бірқатар олқылықтарды көрсетті. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті арнайы бағдарлама әзірлеген. Соған сәйкес 760 мұғалім біліктілік арттыру курсынан өтеді», — деді облыс әкімі.

Оның айтуынша, қосымша әдістемелік материал мұғалімдерге де, оқушыларға да мемлекеттік тілді меңгеруге көмектеседі.

– Аз уақыттың ішінде еліміздің көптеген мектептері қабылдайтын бағдарлама жасайтынымызға сенімдімін. Ең бастысы, балаларымыз мемлекеттік тілде сөйлей бастайды, – деді Даниал Ахметов.

Related Articles