«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН ЕКІБАСТҰЗДЫҚ 1000-нан АСТАМ БАЛАҒА ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Абай облысы Семей қаласының «KARAGAILY» шипажайында екібастұздық 100-ден аса бала қысқы демалыстарын өткізді.

Алғашқы күннен бастап балаларға «Қарағайлы» шипажайында жоспарлы іс-шаралар өткізілді. Ең алдымен, оқушыларды медициналық тексеруден өткізіп, білікті дәрігерлердің қадағалауымен денсаулықтарына орай арнайы ұсыныстар берілді. Ем-дом алу шаралары балалардың ата-аналарымен өзара келісу, рұқсат алу арқылы жүргізілді.

«Қарағайлы» шипажайына келген жалпы 102 баланың 48-і Абай облысының, 54-і Батыс Қазақстан облысының қамқорлығында. Сонымен қатар балалармен бірге Павлодар облыстық білім басқармасынан бекітілген 11 жетекші-ұстаздар, екі дәрігер маман және Аткешов Нұржан, Батыс Қазақстан облыстық филиалының саяси жұмыс бөлімінің маманы келді.

Шипажайдағы бірінші күн «Білім күні», екінші «Мәдениет күні», үшінші күн «Спорт күні», «Жастар күні» болып бөлінген.

5 күн бойы балалар Семей қаласының мәденитімен, тарихымен танысып, өздерінің өнерлерін ортаға салды. Әр күн сайын оқушыларға арнап интеллектуалдық ойындар, спорттық эстафеталар, таза ауада дем алу ұйымдастырылып, көрікті жерлермен таныстыру жүзеге асырылды.

Abai Aqparat.kz

Related Articles