Құқық бұзушылықтың алдын алу-құқық қорғау органдарының бірінші кезектегі міндеті

2022 жылғы 15 желтоқсанда Абай облысының заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Үйлестіру кеңесінің төрағасы облыс прокуроры Е.М. Абаев құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысының жай-күйі мәселелерін атап өтті.

Уәкілетті органдардың жұмысындағы кемшіліктер, құқық қолдану практикасының проблемалары және оларды шешу жолдары қозғалды.

Полиция органдары мен жергілікті атқарушы органдарға кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне, кісі өлтіруге, есірткіге, алаяқтыққа және қаржы пирамидаларына қарсы қылмыстардың алдын алу жөніндегі жұмысты жандандыру ұсынылды.

Сондай-ақ, облыс прокуроры профилактикаға жауапты мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде тиісті жұмыс жүргізіп, өңірдегі қылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейтуі тиіс екенін атап өтті.

Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша алдағы кезеңге құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстың басым бағыттары айқындалды.

Абай облысының прокуратурасы

 

 

Related Articles