Антикор Академияның оқытушылары мен тыңдаушылары арасынан бастамашыл топ құруды ұсынды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малаховпен Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары мен докторанттарының кездесуі өтті.

«Академия ерекше мәртебеге ие бола отырып, Құқық қорғау органдарының кадрлық әлеуетін дайындау мен жетілдіруде озық тәжірибені қолданады. Сіздермен белсенді ынтымақтастық қызықты бірлескен жобаларды іске асыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды айтарлықтай ілгерілетуге әкеп соқтыратынына сенімдімін» – деді Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары.

Кездесу барысында іс-шараға қатысушылар қаржылық тергеу институтын іске асыру, негізсіз байыту үшін жауапкершілік, парасаттылықты тексеру (Integrity Check) мәселелеріне ерекше қызығушылық танытты.

Сонымен қатар, НҚА жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптау, комплаенс және басқа құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Іс-шара соңында Дмитрий Малахов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша Академия оқытушылары мен тыңдаушыларының арасынан бастамашыл топ құруды ұсынды.

Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы басым ғылыми тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізуде өзара іс-қимылды күшейту.

Abai Aqparat.kz

Related Articles