Семей: Мәслихат депутаттары қызметтерін уақытынан бұрын аяқтады

Семей мәслихатының Nur Otan партиясының депутаттары Дулат Қажмұханбет және Айдос Қисаменов депутаттық мандаттарынан бас тартты, депхабарлайды OkSemey.kz.

Жақында Nur Otan партиясының депутаттары Дулат Қажмұханбет және Айдос Қисаменов қызметінен кетіп, өкілді органның құрамынан шығу туралы шешімін жариялаған. Экс-депутаттардың сөзіне құлақ салсақ, олар партия басшылығы тарапынан қолдау таба алмаған. Бүгіндері босаған вакантты орынға ниет білдірушілер қаламызда аз емес.

  • Сіздер соңғы жаңалықтарды естіген шығарсыздар. Семейде бірқатар депутаттар партияға деген сенімсіздік білдіріп, өз мандаттарын бас тартты. Менің ойымша, қала тұрғындары олардың атқарған жұмыстарына өздері баға береді. Мен оларға болашақтағы жоспарларына сәттілік тілеймін. Меритократия принципін ескеретін болсақ, резервтегі тізім бойынша кезекте біз, Әліби Абдырайымов екеміз тұрмыз. Осы уақыт бойы біз, еліміздің болашағы үшін өз азаматтық ұстанымдарымызды көрсетіп, партиямен тығыз жұмыс істеп келеміз. Осыған байланысты, егер партия және қала тұрғындары бізге сенім артса, онда біз дайын екенімізді білдіргіміз келеді, – деп әлеуметтік желілерде жазды вакантты орынға үміткерлердің бірі Ерке Тұрсын.

Жаңа міндеттерге дайын екенін тағы бір үміткерлердің бірі, Nur Otan партиясының мүшесі және жастар ісі бойынша кеңестің төрағасы Әліби Абдырайымов білдірді.

– Маған көптеген сауалдар келуде, олардың басым бөлігі БАҚ өкілдерінен. Олар Семейдегі соңғы оқиғалар бойынша менің пікірімді білгілері келеді. Мен партияға сенімсіздік білдірген экс-әріптестеріме алдағы жоспарларына табыс тілеймін. Резерв тізімі бойынша кезекте Ерке Тұрсын екеміз тұрмыз. Егер, меритократия принципін ұстанатын болса, бізге осындай мүмкіндікті сеніп тапсырса, онда мен әрқашан халықпен бірге болуға дайын екенімді айтқым келеді. Өзімді сөзбен емес, іспен көрсеткім келеді, – деп қорытындылады Әліби Абдырайымов.

OkSemey.kz

Related Articles