Семей мәслихаты үш депутатының мандаты уақытынан бұрын күшін жойды

Nur Otan партиясының екі депутаты өз қызметтерін тоқтатып ғана қоймай, партия құрамынан шығып кетті, деп хабарлайды OkSemey.kz.

Соңғы екі күн ішінде Nur Otan партиясы және қалалық мәслихат басты жаңалыққа айналды. Депутаттық міндеттерінен бірдей үш депутат бас тартты, олардың екеуі Nur Otan партиясының бұрынғы депутаттары – Дулат Қажмұханбет және Айдос Қисаменов.

Олар өз шешімдерін ортақ түрде мәслихат жұмысына көңілдері толмайтынымен түсіндірді.

Олардың соңынан тағы да бірқатар партиялықтар (көбісі Д.Қажмұханбетов және А.Қисаменовтың қызмет атқаратын кәсіпорын қызметкерлері) партиядан шығуға өтініш білдірді.

Бұл жағдай жаңашылдық емес. Егер осыдан бір жыл бұрынғы жағдайға көз жіберсек: 2021 жылғы 10 қаңтар барлық деңгейдегі мәслихатқа депутаттарды сайлау өтті. Nur Otan партиясынан кандидаттар праймериз нәтижесі бойынша ұсынылды. Болашақ депутаттарды қолдау топтары, праймеризде өздерінің кандидаттарына дауыс беру үшін партияға қабылдау туралы тонналап өтініш білдірген болатын. Nur Otan партиясына өтініштерді қабылдау шыңы 2020 жылдың тамыз, қыркүйек және қазан айларында болды. Сол уақытта партияға қабылданушылар партияға және оның басшылығына толықтай сенім артқан болатын, ал енді, олар сенімдерін жоғалтып, партиялық билеттерін үстелге қоюда. Бұл «Менің бастығым партиядан шықты, менде партиядан шығамын» дегенмен байланысты емес пе? Әлде кезектен партия съезі қарсаңындағы қарапайым «хайппа»? Сайлаушылары және сайлау алды берген уәделері ше? Мүмкін мәселе партия басшылығында емес? Әлемді өзгерткің келсе – өзіңді өзгерте біл. Депутаттық өкілеттіктен бас тартқандар, бірінші кезекте қала мен оның тұрғындарының тағдыры үшін жауапкершіліктен қашты.

«Қасиетті орын бос болмайды» демекші, жақын уақытта аталған бос орындарды толтырылып, депутаттық мандаттарды жас белсенділер – Әліби Абдырайымов және Ерке Тұрсын алулары мүмкін. Сонымен қатар аталған жастар қала проблемаларынан тыс қалмай, белсенді жұмыс істеген. Қазіргі уақытта олар семейліктердің мүдделерін аталған органда қорғауға дайын.

—          Сіздер соңғы жаңалықтарды естіген шығарсыздар. Семейде бірқатар депутаттар партияға деген сенімсіздік білдіріп, өз мандаттарын бас тартты. Менің ойымша, қала тұрғындары олардың атқарған жұмыстарына өздері баға береді. Мен оларға болашақтағы жоспарларына сәттілік тілеймін.  Меритократия принципін ескеретін болсақ, резервтегі тізім бойынша кезекте біз, Әліби Абдырайымов екеміз тұрмыз. Осы уақыт бойы біз, еліміздің болашағы үшін өз азаматтық ұстанымдарымызды көрсетіп, партиямен тығыз жұмыс істеп келеміз. Осыған байланысты, егер партия және қала тұрғындары бізге сенім артса, онда біз дайын екенімізді білдіргіміз келеді, — деп әлеуметтік желілерде жазды вакантты орынға үміткерлердің бірі Ерке Тұрсын.

Жаңа міндеттерге дайын екенін тағы бір үміткерлердің бірі, Nur Otan партиясының мүшесі және жастар ісі бойынша кеңестің төрағасы Әліби Абдырайымов білдірді.

— Маған көптеген сауалдар келуде, олардың басым бөлігі БАҚ өкілдерінен. Олар Семейдегі соңғы оқиғалар бойынша менің пікірімді білгілері келеді. Мен партияға сенімсіздік білдірген экс-әріптестеріме алдағы жоспарларына табыс тілеймін. Резерв тізімі бойынша кезекте Ерке Тұрсын екеміз тұрмыз. Егер, меритократия принципін ұстанатын болса, бізге осындай мүмкіндікті сеніп тапсырса, онда мен әрқашан халықпен бірге болуға дайын екенімді айтқым келеді. Өзімді сөзбен емес, іспен көрсеткім келеді, — деп қорытындылады Әліби Абдырайымов.

OkSemey.kz

Related Articles