Семей гарнизонында армиялық қоян-қолтық ұрыстан чемпионат өтті

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері арасында әскерлер қолбасшысының ауыспалы кубогына арналған чемпионат өткізілді, деп хабарлайды OkSemey.kz

Турнир Қарулы Күштердің XIX спартакиадасына қатысу үшін іріктеу болып табылады.
Біріншілікке тоғыз салмақ дәрежесінде 130-дан астам әскери қызметші қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңіске жеткендер:

сержант Садықов С.Т. (55 кг-ға дейін),

аға лейтенант Сартай Е. Е. (60 кг-ға дейін),

лейтенант Жұманазаров и. с. (65 кг-ға дейін),

сержант Мұратов Б. Д. (70 кг-ға дейін),

сержант Олжабаев м. с. (75 кг-ға дейін),

ефрейтор Дүйсенбеков б. б. (80 кг-ға дейін),

капитан Қалдарбек Е. Е. (85 кг-ға дейін),

сержант Рогальский а. а. (90 кг дейін),

лейтенант Амренов т. а. (90 кг жоғары).

Жалпы командалық есепте бірінші орынды 40398 әскери бөлімі, екінші орынды 27943 әскери бөлімі, үшінші орынды 28738 әскери бөлімі иеленді.

  • Барлық қатысушылар өз шеберліктері мен дайындықтарын көрсетті. Армиялық қоян – қолтық ұрысының танымалдылығы артқандығы қуантады, — деп атап өтті «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Талғат Сапарбаев.

OkSemey.kz

Related Articles