Семейде мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 98 пайыз

Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша Семейде іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды OkSemey.kz.

Нәтижесінде тілдерді оқыту орталығында 2020-2021 оқу жылында мемлекеттік тілді – 719 тыңдаушы, ағылшын тілін – 269 адам, орыс тілін – 236 адам тегін оқыған. Бұл жөнінде АКҚ-де өткен баспасөз конференциясында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина мәлім етті.

  • Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласының ұлттық-тіл ахуалы туралы” сауалнама қорытындысы бойынша 2021 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 98%, ағылшын тілін меңгергендер үлесі 8,5%, ал үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгергендер үлесі 6,8% құрайды. 2021 жылы 70-тен астам іс-шара өткізілді, – деді бөлім басшысы Назерке Аққожина.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Мемлекеттік тілді ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру” идеясын жүзеге асыру мақсатында “Тіл қорғандары” еріктілер тобы құрылған. Бұл топ қоғамның түрлі саласында қазақ тілін қолдану барысында орын алған заңсыздықтарды түсіндіру жұмысымен айналысады.

  • Өткізілген мониторинг барысында 302 объект қамтылды. Рейд ьарысында заңнама талаптары түсіндіріліп, Семей қаласының тілдерді оқыту орталығымен әзірленген сөздіктер таратылды. Шаралар аясында 74 заң бұзушылық анықталып, 48 нысан өздерінің ғимараттарында орналасқан көрнекі ақпараттарды заңнама талаптарына сәйкес ретке келтірді, – деп түйіндеді бөлім басшысы.

OkSemey.kz

Related Articles