Шығыс Қазақстан облысының Абай атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театры Аягөз қаласына гастрольдік іс-сапармен барады

Үш күнге созылатын сапар барысында қала тұрғындары үшін «Бес нәрсе...» және «Жалқау мысық пен батыр балапан» атты қойылымдары көрсетіледі.

Үш күнге созылатын сапар барысында қала тұрғындары үшін «Бес нәрсе…» және «Жалқау мысық пен батыр балапан» атты қойылымдары сахналады.Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздерінен құралған «Бес нәрсе…» поэтикалық қойылымының режиссері Айдын Салбан. Спектакль барысында актерлер жанды дауыста ән орындайды. Бұл туынды Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай театр сахнасында бірнеше рет қойылды. Алайда, елдегі ахуалға байланысты, карантин талаптарын қатаң сақтай отыра спектакль аудандарда сахналанбады. Қазіргі уақытта өңір жасыл аймақта орналасқандықтан театр ұжымы бұл қойылымды Аягөз қаласының тұрғындарына ұсынбақ.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп белгіледі. Осыған сәйкес, театр ұжымы Аягөз қаласының жас көрермендері үшін «Жалқау мысық пен батыр балапан» атты ертегіні қояды.
– Бұл шығарма негізінен кішкентай балақайларға арналады. Ол достық пен татулық тақырыбы негізінде жазылған. Авторы Мұстай Кәрім. Жалпы, театр ұжымы карантиннен кейін алғашқы сапарын осы Аягөз қаласынан бастап отыр. Менің ойымша, көрермен сахналанатын қойылымдарды, жанды дауыста орындалатын әндерді сағынды. Сол себепті, барша Аягөз қаласының тұрғындарын 25-27 ақпан аралығында қойылатын қойылымдарға көзайым болуға шақырамын,- деді театрдың көркемдік жетекшісі Ербол Жуасбек.

OkSemey.kz

Related Articles