Семейде ғылыми-техникалық шығармашылық байқауы өтті

Семейдің балалар мен жастар шығармашылық сарайында қалалық балалар ғылыми-техникалық шығармашылық байқауы өтті, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазіргі дамыған елдерде робототехника — жоғары интеллектің үлгісіне айналған. Бүгінгі өскелең ұрпақ бойына озық технологиялар үдерісін дәріптей отыра, болашақтағы мамандықтарын осы робототехникамен байланыстыру біздің міндетіміз,-дейді ұйымдастырушылар.

 

  • Бүгін біз жан-жақтан жиналған шығармашыл жастардың дарыны мен шеберліктеріне куә боламыз. Бұл байқау жыл сайын дәстүрлі түрде жетінші рет өткізіліп отыр. Осы уақыт аралығында көрмеге үздіксіз қатысып жүрген ұстаздар мен оқушыларымыз бар. Ал, бүгінгі шарадан күтетін жаңалықтарымыз да аз емес. Байқаудың басты критерийларына келер болсам, әр оқушы өз жұмысын әділ-қазы алқасына таныстырады. Оның ішінде, жұмыстың орындалу мерзімін, мақсат-міндеттерін ерекше атап өтулері қажет,-деді қалалық білім бөлімінің әдіскері Альфия Нигматуллина.

Байқау қатысушысы Балжан Такеева өз жұмысын орындау үшін 2 апта уақытын жұмсаған. Моделдің атауы — «3D принтерінде шығарылған 3D моделі». Мақсаты – өңірдің көрнекті орындарын таныту.

  • Менің жұмысым «Жидебай» деп аталды. Бастапқыда LEGO MINDSTORMS Education EV негізінде жобаланды. Байқасаңыз мұнда QR- код қойылған. Демек, сіз QR- кодты пайдану арқылы, Абай Құнанбайұлының шығармашылығымен және қара сөздерімен таныса аласыз. Болашақта Қазақстанның киелі орындарын аралап көргісі келетін, алайда шет аймақтарда тұратын жандар үшін вертуалды тур ойластыру жоспарда бар,-дейді №30 ЖББ мектептің 10 сынып оқушысы Балжан Такеева.

Айта кетейік, байқауды бағалау кезінде жұмыстың техникалық қажеттілігі мен қолданылуы, ғылыми потенциалы мен оқушының өз жұмысын лайықты қорғауы қатаң ескеріледі.

OkSemey.kz

Related Articles