Семейде робототехникадан қалалық жарыс өтті

Семейдің 328 оқушысы робототехника, бағдарламалау, 3D-модельдеу бойынша өз білімдері мен дағдыларын көрсетті, OkSemey.kz.

  • Чемпионат оқушылардың шығармашылық, зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін өткізіледі. Сондай – ақ, қабілетті және дарынды оқушыларды анықтауға, сондай-ақ техникалық құрылғылармен жұмыс істеу дағдыларын үйретуге көмектеседі, – деді білім беру бөлімінің әдіскері Альфия Нигматуллина.

Балалар «Сумо», «Кегельринг», «Робосумо адымдайтын Роботтар» және «Танк биатлонында» жарысты.
Теміржан Жанаспаев, Әділ Қадылов , Советхан Нұрдәулет , Анатолий Митрофанов, Богдан Боровиков және Алмат Қасымхан үздік атанды.

Енді олар сәуір айында өтетін чемпионаттың облыстық кезеңінде шеберліктерін көрсетулері керек.

OkSemey.kz

 

Related Articles