20 жастағы семейлік ММА-дан Әлем чемпионы атанды

20 жастағы Семей қаласының спортшысы Сайран Сағындықов Gamma MMA аралас жекпе-жектен Әлем чемпионаты атанды, деп хабарлайды OkSemey.kz.

23 – 27 наурызда Нидерландының астанасы Амстердамда аралас жекпе-жектен Әлем чемпионаты өтті. Чемпионат ММА – Gamma MMA әуесқойлардағы ең беделді нұсқасында өтті.

Әлем чемпионатында Қазақстан намысын 21 спортшы қорғады, оның алтауы Шығыс Қазақстан облысынан, атап айтсақ: Имран Тайсултанов, Меруерт Ибраева, Белгіжан Сейтенов, Азамат Тасболатов, Тимур Серікұлы, Сайран Сағындықов. Біздің жерлестеріміз де құрама команда сапында жақсы өнер көрсетіп, Қазақстан қоржынына көптеген медальдар әкелді.

20 жастағы семейлік – Сайран Сағындықов 61,2 келі салмақта Әлем чемпионы атанды. Финалдық тартыста қырғыздық жауынгер – Дастан Сулаймановты ойсырата жеңді. Өткен жылдың жазында Сайран Сағындықов аталған жекпе-жек түрінен Азия чемпионатының финалына жете алмай, чемпионатты қола жүлдемен аяқтаған болатын.

Сайран Сағындықов – ММА бойынша спорт шебері, бокстан және кикбокстан спорт шеберіне үміткер, панкратион бойынша Әлем чемпионатының қола жүлдегері, ММА бойынша Азия біріншілігінің қола жүлдегері, панкратион бойынша Қазақстан чемпионы, жекпе-жектен Қазақстан кубогінің финалисті, ММА бойынша Батыс кубогінің иегері.

Семейлік тағы екі спортшы Әлем чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды. Меруерт Ибраева финалда Австралиялық Картис Даниэллге жол берді, Белгіжан Сейтенов астаналық Көшен Ақановтан жеңіліс тапты.

OkSemey.kz

Related Articles