Биылғы жылы медициналық көмекке Семей өңіріне 54 млрд теңге бөлінеді

Жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша бұл мақсатқа 122 млрд теңге бағыттау жоспарлануда, деп хабарлайды OkSemey.kz.

Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында ШҚО бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Ғалымжан Әбілов айтып берді.

  • Қаржыландыру, көмек көрсетудің келесі түрлері бойынша шығындарды арттырады: жоғарғы технологиялық медициналық көмек- 53%, стационарды алмастыру көмегі – 48%, онкология – 38%, консультативті диагностикалық мекеме көмегі – 27%, жедел медициналық көмек және санитарлы авиация – 36%, медициналық оңалту – 28%. Көлемнің ұлғаюы сонымен қатар қазақстандықтарға МӘМС шеңберінде медициналық көмекке қолжетімділікті арттыруда қаржылық қолдау көрсетеді. Біздің мақсатымыз – бәсекеге қабілетті және медициналық қызметті жеткізушілердің ашық нарығы, бұл сапалы медицинаның жалғыз жолы, – деді Ғалымжан Әбілов.

Медициналық сақтандырудың қатысушылары Шығыс Қазақстан облысы бойынша жыл басында 1 124 841 адамды құрағаны айтылды, бұл көрсеткіш жалпы ШҚО тұрғындарының 80,9%-ы. Былтырғы жылмен салыстырғанда сақтандырылған азаматтардың саны 2%-ға артқан.

OkSemey.kz

Related Articles