ШҚО-да медициналық ұйымдарында жүз мыңнан астам бұзушылық анықталды
Мониторинг бөлімшесінің сарапшыларымен ТМКГК және МӘМС шеңберінде медициналық қызмет көрсетулерге тұрақты негізде мониторингтер жүргізіліп тұрады, деп хабарлайды OkSemey.kz.
Мониторинг нәтижесі бойынша былтырғы жылы Шығыс Қазақстан облысының медициналық ұйымдарында жалпы слмасы 1 293 млн теңгені (1 293 336 896 теңге) құрайтын 102 113 астам дефект анықталды. Оның 65 802 дефектісі Семей өңірінде, жалпы сомасы 574 млн теңге. Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында ШҚО бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Ғалымжан Әбілов айтып берді.
— Мониторинг жүргізу кезінде анықталған негізгі бұзушылықтар – емдеу-диагностикалық шараларының стандарттарынан бас тарту, медициналық құжаттарды сауатсыз толтыру. Өңірлерде тиісті ұйымдастырушылық жұмыстарды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды, сондай-ақ материалды-техникалық және кадрлық қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру керек. Қолданыстағы стандарттарға сәйкес медициналық көмекті жоспарлау және ұйымдастыру бойынша денсаулық сақтау басқармасының жауапкершілігін бөлек атап өткен жөн, — деп атап өтті Ғалымжан Әбілов.
Тұрғындарды ақпараттандыру және арыздарды қарау жөніндегі бөлімімен былтырғы жылы барлығы 37 056 арыз қаралды, оның 89,5% консультациялық сипатта және 1213 шағым, арызданудыңжалпы санынан 6,4%-ы құрайды. Тұрғындардың арыз-шағымдары негізінде жоспардан тыс 25 мониторинг жүргізілді, мониторинг шеңберінде жалпы сомасы 7 млн теңгені құрайтын 1 187 ақау анықталды, Семей өңірі тұрғындарының арыз-шағымдары негізінде жоспардан тыс 5 мониторинг жүргізілді, жалпы сомасы 3 млн теңгені құрайтын 606 ақау анықталды. Денсаулық сақтаудың барлық субъектілеріне қатысты айыппұл санкциялары қолданылды.
Сонымен қатар, ТМКГК және МӘМС пакеттері бойынша Қор жеткізушілерімен халыққа қызмет көрсетілген медициналық қызметтер бойынша төлем, аталған қызметтің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылады. Яғни, тек көрсетілген, құжатпен расталған, медициналық көмек көрсетудің стандарттары мен ережелері сақталған, сондай-ақ клиникалық хаттамалармен ұсынылған қызметке ғана төлем жүргізіледі.
Медициналық қызметті сапалы және уақытында алу бойынша сұрақтар туындағанда, тұрғындар науқастарды қолдау және емхананың ішкі аудиті қызметіне хабарласа алады. Егер сұрақ шешілмеген жағдайда, арызды әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі көрсетілген каналдарына қалтыруға болады: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс-орталығы, Qoldau 24/7 және Telegram-дағы SaqtandyryBot мобильді қосымшалары.
OkSemey.kz