ШҚО тұрғындары емханаға жиі баруда

Былтырғы жылы ШҚО-да емханаға жүгінген тұрғындардың саны артқан. Шығысқазақстандықтар шамамен 4,4 млн рет емханаға барған, барлығы 14 миллионнан астамына ғана қызмет көрсетілген, деп хабарлайды OkSemey.kz.

Бұл туралы Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында ШҚО бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Ғалымжан Әбілов айтып берді.

– Тәулікбойғы стационарларда 143 мың науқас ем қабылдады, күндізгі стационарда 70 мың, сондай-ақ медициналық көмек көрсету стационар бөлімшелерінің қабылдауларында шамамен 165 мың науқасқа көмек көрсетілді. Аталған бағыт бойынша өсу көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 25%-ы құрады, – деп хабарлады Ғалымжан Әбілов.

Сонымен қатар қордың директоры тұрғындар үшін жекелеген медициналық көмек түрлері бойынша тиісті инфрақұрылымның болмауына байланысты аймақтық айырмашылықтарын айтып өтті.

– Мысалға, емханаға бару, 100 мың тұрғын есебімен есептегенде орташа 320 мың шамасында, бұл тікелей амбулаторлық деңгейде консультативті-диагностикалық көмектің қолжетімділігіне әсерін тигізеді. КТ/МРТ сынды қымбат қызметтерге қолжетімділік бойынша, қызмет көрсетудің саны саны 82 мыңнан асады, –  деп түйіндеді Ғалымжан Әбілов.

OkSemey.kz

Related Articles