Семейдегі биологиялық орталықта халықаралық құстар күні атап өтілді

Жыл сайын 1 сәуірде Семейдегі биологиялық орталықта Халықаралық құстар күні мерекесі атап өтілуде, деп хабарлайды OkSemey.kz.

Бұл күні биоорталықтың жас юннаттары қоныс аударатын құстарды қарсы алып, оларға ұяшықтар орнатып, плакаттарға әртүрлі суреттер салады. Бұл балалардың ұзақ уақыттан бері оффлайн форматындағы кездесуі. Бұған дейін, эпидемиологиялық жағдайға байланысты жас юннаттардың кездесуі қашықтықта өткен болатын.

  • Осы іс-шара экологиялық бағыттағы шара. Құстардың табиғаттағы пайдасы орасан зор екені баршаңызға белгілі. Құстар – зиянкестермен күресуде адамның нағыз көмекшілері, ауылшаруашылық және орман шаруашылығы жерлеріндегі жәндіктерді жоюдағы сенімді одақтастары. Құстарды тартып, олардың санын көбейту үшін, біз жасанды мекендеу орындарын құруымыз, сондай-ақ ағаштар мен көшеттер отырғызуымыз қажет, – деді биологиялық орталықтың қосымша білім беру педагогы Наталья Ходакова.

Бүгінгі күні Семейдегі биологиялық орталықта құстардың жүзден астам түрі мекендейді. Олардың қатарында суда жүзетін, жыртқыш және сәндік құстар бар. Олардың көбі халықаралық Қызыл кітапқа және Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

OkSemey.kz

Related Articles