«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында шахматтан балалар турнирі өтті

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығымен Балалар жылына арналып бірқатар танымдық, спорттық-мәдени іс-шаралар жоспарланған, деп хабарлайды OkSemey.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылды Балалар жылы деп жариялауы аясында, «Шығыс» ӨҚ әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтері өскелең ұрпақпен кешенді іс-шаралар жүргізуде.

Семейде әскери қызметшілердің балалары арасында шахмат біріншілігі өтті. Жарысқа 7 жастан 14 жас аралығындағы 20-дан астам бала қатысты. «Мега Мозг» қалалық білім орталығының өкілдері жарысқа төрешілік жасады.

  • Мемлекет басшысы 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Балалар – Қазақстанның болашағы, және біз олардың тәрбиесіне, интеллектуалды дамуына жауаптымыз, – деп атап өтті әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызметтің бастығы Ақерке Ахмедова.

Шахмат тақтасы басында спорттық-интеллектуалдық күрес және шиеленісті бәсеке орын алды.  Жарыс нәтижесі бойынша І орынды Мағжан Жақашев жеңіп алды. Жүлделі ІІ орынды Арсен Ерғалиев, ІІІ орынды Әлтайыр Құсманов қанжығасына байлады. «Турнирдің үздік стратегі» арнайы сыйлығы Тимофей Шевцовқа табысталды.

OkSemey.kz

Related Articles