ШҚО-да кардиохирургия мүмкіндіктері кеңейтілуде

Шығыс Қазақстан облысында жоғарғы технологиялық медициналық көмек көрсету бойынша кардиостимулятор имплантанты және кардивертер-дефибрилляторы тағы бір медициналық мекемеге қойылды, деп хабарлайды OkSemey.kz.

50 жастағы Шемонаиха қаласының тұрғына екі жыл бұрын жүрек соғу жиілігінің төмендеуі-әлсіз синус түйінінің синдромы диагнозы қойылды.

«Мен бұл ауруды алғаш рет түн ортасында сезіндім. Ауаның жетпеуіне байланысты ұйқым бұзылды, содан кейін басым айналды, тіпті есімнен танып қалдым. Өмірімен өзгеріс енгіздім, жағдайы неғұрлым қолайлы жұмыс орнына ауысуға тура келді», – дейді Бауыржан Сағындықов.

Жақында кардиология қызметінің мамандары ШҚ ОМСО базасында кардиостимулятор имплантанты және кардиовер-дефибрилляторда жұмыс істеу біліктіліктерін арттырудан өтті.

Өз тәжірибесімен өскемендік әріптестерімен Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының дәрігер-аритмологы Ринат Қамиев бөлісті.

Екі-күнге созылған мастер-класста ол ШҚО мамандары үшін электрокардиостимулятор имплантанты және кардиовертер-дефибриллятор бойынша облыстың бес тұрғынына ота жасады, олардың арасында Бауыржан Сағындықовта бар.

«Сөзсіз сәтті болды. Мен тәжірибелі дәрігерге түстім. Ота сәтті аяқталды. Бір-екі күннен кейін мен үйге шығарылдым. Қазір өзімді жақсы сезінемін. Айта кетейін, мен төртінші қабатта тұрамын, үйге көтерілген уақытта менің назар аударғаным, мен төртінші қабатқа жеңіл көтерілдім. Дәрігерлерге, емхана ұжымына алғысым шексіз. Менің барлық ем қабылдауым МӘМС жүйесі бойынша жүргізілді», – деп бөлісті Бауыржан Сағындықов.

Айта кету керек, рәсімнің мәні келесідей: кеуде тұсына кішігірім, көлемі сіріңкенің қорабындай имплантант енгізіледі. Бұл аппарат қажет болған жағдайда адамның жүрек соғысын реттейді. Жүрек соғы жиілігі төмендегенде, ол қосылады да элктр импульстық-разряд береді (ауырсусыз, адам оны мүлде сезбейді). Содан кейін жүрек соғысы көтеріледі, жағдай реттеледі.

Осындай кардиовертер-дефибриллятор аппаратының құны (кардиостимуляторға қарағанда оның құны жоғары және анағұрлым жетілдірілген) үш миллион теңгеден кем емес.

«Бұндай сомманы көптеген науқастар көтере алмайды, бірақта МӘМС шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматы мемлекеттен аталған ем түрін алуға мүмкіндігі бар. Денсаулығын түзеу және өз өмірін құтқарып қалу көрші елдерге қарағанда тегін. Көрші Қырғыз Республикасында бұндай емді қабылдау үшін адам медициналық сақтандырудың 50%-н өз қалтасынан төлейді. Өзбекстанда және Грузияда, сондай-ақ Арменияда медициналық сақтандыру жүйесі мүлдем жоқ», – деп атап өтті маман.

OkSemey.kz

Related Articles