ӘМСҚ ШҚО филиалының директоры Семейде жұмыс сапарымен болды

ШҚО бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Ғылымжан Әбілов Семейге жұмыс сапарымен келіп, қаладағы медициналық ұйымдардың жабдықталу деңгейін және медперсоналдың сауаттылығын анықтау мақсатында баспасөз-турын өткізді, деп хабарлайды OkSemey.kz.

Филиал директоры қаладағы № 1 және № 7 емханаларда болып қайтты.

  • Осының бәрі БАҚ арқылы тұрғындарды бүгінгі таңда біздің ұйыммен ұсынылатын қызмет түрлерімен таныстыру. Бізді бүгін барған емханадағы жабдықтардың деңгейі және емханадағы медицина қызметкерлерінің білім деңгейі таң қалдырды. Мысалға № 1 емханада өте тамаша лор-комбайны бар, ол қазіргі уақытта диагностика жасауда және емдеуде ширек қолданылады. № 7 емхана заманауи КТ және МРТ аппараттарымен жабдықталған. Бүгінгі таңда осы жабдықтар тұрғындардың басым бөлігін қамтиды, КВИ-мен ауырған адамдарға көп көмегін тигізуде, – деп тоқталды емханаларды аралау барысында Ғалымжан Әбілов.

Сонымен қатар ӘМСҚ филиалының директоры медициналық мекемелердегі ерте диагностикалау деңгейінің жоғары екенін атап өтті және халықты медициналық сақтандыруды назардан тыс қалдырмауға шақырды.

  • Бүгін біз үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. Біздің медициналық мекемелерде қандай қызметтер алуға болатыны туралы халыққа көбірек ақпарат берілсе, соғұрлым сұрақтар аз болады. Мен халықты сақтандыруға шақырамын, өйткені емханаларда жүргізілетін осы диагностикалық шаралардың барлығын Қор өтеуге дайын. Біз диагностика және ем-шара үшін халқымыздың қалта шығындарын азайтуға дайынбыз, – деп қорытындылады Ғалымжан Әбілов.

OkSemey.kz

Related Articles