Семейде «Алаш» қозғалысының 105 жылдығына арналған көрме ашылды

Семейде Абайдың мемлекеттік музей-қорығында Мұхамеджан Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрмесі ашылды, деп хабарлайды OkSemey.kz.

«Жетicулық Алаш қайраткерi және репрессия құрбандары» атты көрме «Алаш» қозғалысының 105 жылдығына арналған.

«Көрмеге 100 астан экспонаттар қойылды. Ең құнды экспонаттардың бірі — Мұхамеджан Тынышпаевтың құжаттары және Ильяс Жансүгіровтың жеке заттары», — деп тоқталды Абай музейі директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева.

М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейі — Алматы облысындағы ірі ғылыми-зерттеу орталығы.

OkSemey.kz

Related Articles