Ақшоқыдан табылған Құран кітабы Абай музейіне табысталды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 1888-89 жылдары Қазан қаласындағы баспадан жарық көрген Құран кітабын музей қорына табыстау рәсімі өтті, деп хабарлайды OkSemey.kz.

555 беттен тұратын Құран кітабы 1977 жылы Ақшоқыдағы қорым қабырғасынан табылған. Кітапты музей қорына техника ғылымдарының докторы, Қ.И.Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінің доценті, академик Құмар Бақдәулет Кәкімұлы табыстады.

  • Мен Құран кітабын музей қорына табыстау үшін келдім. Бұл Құран кітабы Қазан қаласында жарық көрген және Ақшоқыдан табылды. Ол тарих үшін және халық үшін ерекше құндылық болып табылады, – деді Бақдәулет Құмар.

Енді Құран кітабы Абай музейінің қорында сақталатын болады.

OkSemey.kz

Related Articles