ШҚО-да кене энцефалитімен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай

2022 жылғы 14 сәуірдегі жағдай бойынша облыстың эндемиялық аумақтарында кене шағумен барлығы 47 адам жүгінген, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар саны – 16, яғни кене шағудан зардап шеккендердің 34%-ын құрап отыр, деп хабарлайды OkSemey.kz.

Биыл кене шағудың эпидемиологиялық маусымы ұзаққа созылған салқын көктемге байланысты жай басталды. Осыған байланысты өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда биылғы эпидемиологиялық маусым басталғалы әзірге кене шағу жағдайлары аз (2021 ж. – 63 жағдай).

Ағымдағы кезеңде облыс аумағында кене инфекцияларымен ауыру жағдайлары тіркелген жоқ. Көп жылдық эпидемиологиялық талдау нәтижелері көрсеткендей ШҚО-да аурудың алғашқы жағдайлары мамыр айынан бастап тіркеледі.

Алдын алу мақсатында кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді кене шағудан зардап шеккен 34 адам алды, қалғандары келесі себептерге байланысты алған жоқ. Олар – кеш мерзімде медициналық көмекке жүгіну, медициналық көрсетілімдерге байланысты және т.б. себептер орын алған.

Қазіргі уақытта эндемиялық аумақтардың медициналық ұйымдарында кене шағудан зардап шеккен адамдарға алдын алу көмегін көрсету үшін кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин препаратының қоры жеткілікті мөлшерде.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша кене энцефалитінің табиғи ошағы – Глубокое, Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Көкпекті (Самар аумағы ), Ұлан, Шемонайха аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларының маңайлары екенін айта кеткен жөн.

Департамент кене энцефалитінен қорғанудың ең тиімді әрі кепілді жолы кенені соруға жол бермеу болып табылатынын еске салады, ол жеке қорғанудың қарапайым шараларын сақтау: кенелердің киім астына кіруін шектейтін қорғаныш киімін пайдалану, репелленттерді (үркітетін құралдарды) қолдану және өзін және өзара тексеру жүргізу.

OkSemey.kz

Related Articles