ШҚО дәрігерлері ми ісігін алудың жаңа әдісін меңгерді

Облыстық мамандандырылған медициналық орталықтың нейрохирургтері жоғары технологиялық отаның тағы бір түрін меңгере бастады, деп хабарлайды OkSemey.kz.

Бұл туралы ШҚО ӘМСҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл — ми ісігін бір де бір тілім жасамай алу әдісі. Отадан кейін пациенттің мұрыны аздап бітелуі мүмкін. Себебі гипофиздегі ісікке жету мұрын арқылы жасалады.

  • Мұндай ота алғаш рет Шығыс Қазақстанда өткізіліп отыр. Бұл нейрохирургиядағы ең қиындардың бірі болып саналады. Шығысқазақстандық хирургтардың осындай отаны жасау дағдыларын меңгеруі үшін «Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық нейрохирургия орталығының» трансназальды эндоскопиялық нейрохирургия бөлімінің нейрохирургі, медицина ғылымдарының кандидаты Данияр Телтаев арнайы келген. 2 күндік шеберлік сағаты аясында оның жетекшілігімен мұрын арқылы гипофиз аденомасын алу бойынша бірқатар ота жасалды, — деп хабарлады ШҚО ӘМСҚ.

От жасалған төрт науқас – облыс тұрғындары. Бір-екі жыл бойы олар көру қабілетінің нашарлауына шағымданған. Офтальмологтардың амбулаториялық деңгейде тексеруі ісікке күдік туғызды, ол МРТ зерттеулерімен расталды. Шақырылған маманның айтуынша, бұл науқастар біраз уақыттан кейін мүлдем көру қабілетінен айырылуы мүмкін еді.

Бұл ретте азинвазивті отаның пациент үшін тез қалпына келуге мол мүмкіндік береді. Нейрохирург тек эндоскоп пен навигациялық қондырғы пайдаланады. Ал аденомаға жету оны тотальді турде алвп тастау барысын монитор арқылы көріп тұрады.

«Біз бас сүйегінің ішінде орналасқан ісікке мұрын қуысының жолы арқлы жетіп, аздаған трепанация жасаймыз. Бұл өте күрделі, әрі үлкен шеберлікті қажет ететін жұмыс. Ота нәтижесінде паиенттің көру қабілеті қалпына келеді», — деп бөлісті профессор Телтаев.

Айта кету керек шақырылған маман еліміздегі ең мықты әрі бірегейі болып саналады. Осы бағыттағы оталардың екі мыңнан астам түрін жасаған маман.

Ал өз кезегінде ШҚ Мамандандырылған медициналық орталықтың «Инновациялық медицина» бөлімі меңгерушісі Жандос Уаптың айтуынша ем алған пациенттер 5-6 күндері үйлеріне шығаралады. Және үй жайында олардың дәрігер айтқан реабилитация уағындағы талаптарды толқ орындаулары қажет.
Атап өткен жөн, бұл оталар МӘМС аясында жасалды.

OkSemey.kz

Related Articles