Ұлттық референдум: 5 маусымда таңдау жасалынады
Қоғамдық штаб өкілі Айдос Төлеуханов саяси науқанға қатысуға шақырды, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ата-Заңға енгізілетін түзетулер жөнінде республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Ұсынылып отырған түзетулер азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау тетіктеріне қатысты болады. Жалпы, Қазақстан Конституциясының 33 бабына 56 түзетулер енгізу көзделіп отыр. Атап айтқанда, жер мен оның байлығы халықтың меншігі етіп жарияланады. Сонымен қатар, өлім жазасына тыйым салынып, Конституциялық, Жоғары және де өзге судьяларға Орталық сайлау комиссиясының мүшесі және төрағасы болуға мүлде болмайды. Осы аталған түзетулер Жаңа Қазақстанды құруға жасалған қадам болмақ. Сол себепті, баршаңызды еліміз үшін маңызды шешім болып табылатын саяси науқанға қатысуға шақырамын.
Abai Aqparat.kz