Ұлттық рефрендум: Жаңа Қазақстан тұрғызамыз

“Jas Otan” жастар қанатының ШҚО филиалының төрағасы Алмас Айтмұқаш референдумға шақырды, деп хабарлайды Abai Aqparat.kz.

  • Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгеріс енгізу туралы республикалық референдум өткізу жөніндегі жарлыққа қол қойған еді. Қазақстанның қазіргі Конституциясы 1995 жылы республикалық референдумда қабылданып, 1998, 2007, 2011, 2017 жылдар аралығында Парламенттің қатысуымен толықтырулар енгізу жөнінде жобаны іске асырды. Қазіргі таңда бұл референдум өте өзекті. Себебі, ол арқылы халық пен биліктің арасындағы өзара қарым- қатынас нығаяды. Жалпы, референдум- саяси аренадағы жаңа өзгерістер мен халықтың талап- тілектерін ескере отырып, жаңа қоғамды құруға бағытталған саяси науқан. Ол арқылы Жаңа Қазақстанның іргетасы қаланып, қоғам мен билік арасы мығым болады. Сол себепті, баршаңызды 5 маусым күні өтетін сайлауға келіп, Ата- Заңға енгізілетін түзетулерді бірге қабылдауға шақырамын!

Abai Aqparat.kz

Related Articles